Курсанттар жүлделі оралды

Жуырда  Түркістан облысы Түркістан қаласы Ахмет Яссауи атындағы Қазақ-түрік университетінде «Болашаққа бастар:рухани жаңғыру» атты республикалық пікірсайыс турнирі өтті.

Республикалық пікірсайысқа Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты командасының 3-4 курс курсанттары – Ернар Ерқасым, Архат Асанов, Мағжан Кеншімбаев, Темірәлі Ернарбек, Әуенек Дінмұхамедали, Құрметхан Мерей, Бекжан Нұрмамедұлы қатысты. Командаға капитан Мақсат Мұқанов жетекшілік етті. Турнирге республикамыздың 8 өңірінен, атап айтканда, Астана, Алматы, Павлодар, Ақтөбе, Шымкент, Түркістан, Тараз және Қызылорда облыстарының жоғарғы оқу орындарының пікірсайысшылары бақтарын сынады.

        Турнирде Елбасы мақаласы «Болашаққа бастар: рухани жаңғыру» бағдарламасы және «Ұлы дала жастары» кіші бағдарламасы «DOSTYK CUP» тақырыбында сайысқа түсті.

         Аптаға жуық өткізілген турнир барысында еліміздің студент жастары бір-бірімен жақын танысып, әлемнің екінші Меккесі атанған киелі Түркістан қаласының көрнекті орындарына саяхат жасады. Көп күндік сайыстың қорытындысы бойынша 1 орын Қ.Сәтпаев атындағы Ұлттық Техникалық Университеті, 2 орынды Қорғаныс министрлігі, Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты, 3 орынды Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті иеленді. Жеңімпаз командаларға Түркістан қаласының жастар ұйымы және турнирді ұйымдастырушылар тарапынан бағалы сыйлықтармен грамоталар және турнир кубогы табысталды.

     Жүлделі орынмен оралған пікірсайыс командасын әскери институт бастығы полковник Мұстабеков Асқар Досбосынұлы институт жеке құрамының алдына шығарып, кеше ғана әскери ант қабылдаған 1 курс курсанттарына үлгі болғандығы және де әскери оқу орнының намысын қорғағаны үшін алғыс жариялады.

        2017-2018 оқу жылының рейтингісі бойынша Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының «Патриот» ғылыми дебаттық клубы жоғары оқу орындары арасында 11-ші орынға тұрақтады.

 

РЭжБӘИИ баспасөз қызметі

запастағы майор Ербол Алибаев

сурет автордікі

 


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"