Курсанттар ант қабылдады

Алматы қаласындағы Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтында әскери ант қабылдау рәсімі өтті. Қазақстанның әр түкпірінен әскери білім алуға келген 130-дан астам 1 курс курсанттары Отанға адал, мінсіз қызмет етуге салтанантты түрде ант берді.

Аталған шараға әскери институттың жеке құрамы, Алматы гарнизонының әскери қызметшілері, Қарулы Күштердің ардагерлері, әкімдік өкілдері, сондай-ақ курсанттардың ата-аналары мен туған-туыстары қатысты. Олар жас сарбаздарды айтулы мерекелерімен құттықтап, оқуға, жауынгерлік міндеттеріне жауапкершілікпен қарап, анттарына адал болуға үндеді.

Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының бастығы генерал-майор Асқар Мұстабеков әскери анттың әскери қызметшілер үшін қаншалықты маңызды екеніне тоқталып, алдағы оқу жылына сәттілік тіледі.

–     Әскери қызметшінің саяси-моральдық, жауынгерлік қасиеттері – әскери антқа адал болуы, ержүректігі мен қырағылығы. Ант қабылдаған кезде жауынгер батыл болуға ант береді. Батылдық, ерлік дегеніміз – жауынгердің ең қиын, қауіпті жағдайларда да өз өмірі үшін қорқыныш сезімін жеңіп, өз Отанын қорғау үшін ерлік жасауға барғаны, - деді әскери оқу мекемесінің басшысы генерал-майор А.Мұстабеков.

Әскери институттың тізіміне қабылданғаннан кейін курсанттар бір ай бойы бастапқы әскери дайындықтан өтіп, ату, саптық және дене дайындығын жетілдірді, жалпыәскери жарғыларды меңгерді. Курсанттар алғашқы күннен-ақ әскери өмірге бейімделіп, сабаққа деген ерекше ықылас пен ынта-жігерлерін көрсете бастады.

– Бүгін біз үшін ерекше қуанышты күн! Әскери ант қабылдап, Отан қорғаушы деген мәртебеге ие болдық. Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының курсанты деген абыройлы атқа лайық, антыма адал болатыныма сенімдімін, - деді өз қуанышымен бөліскен 1 курс курсанты Рүстем Қанат.

Ант қабылдаған сәттен бастап жас курсанттар ҚР Қарулы Күштерінің қатарына еніп, Отан қорғау жауапкершілігі жүктеледі.

 

 

РЭжБӘИИ баспасөз қызметі

 

Фото Е.Әлібаев


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"