Күзгі әскерге шақыру науқаны

Әскерге бару – адал қызмет пен Отан алдындағы қасиетті парыз.  Жыл сайын көктем мен күз айларында еліміз бойынша жасы 18-27 жас аралығындағы азаматтарды  әскерге шақыру науқаны басталады. Олар медициналық комиссиядан өтіп, олармен зерделеу жұмыстары жүргізіледі. Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 5 ақпандағы Жарлығына сәйкес биылғы жылдың бірінші қыркүйегінен бастап азаматтарды күзгі науқан бойынша мерзімді әскери қызметке шақыру іс-шаралары басталды.

Жыл соңына дейін жалғасатын күзгі әскерге шақыру компаниясы барысында еліміздегі 17 қорғаныс істері жөніндегі департаменттерінен Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарын әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе одан босатуға негіздері жоқ, жасы он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі 17 мыңға жуық жас жігіт толықтырады. Оның ішінде 700-ге жуығы Елорданың еншісінде.

   Қолданыстағы заңға сәйкес азаматтарды мерзімді әскери қызметке әскерге шақыруды жергілікті атқарушы органдар ұйымдастырады және қамтамасыз етеді. Қазір жастарымыз 12 ай, яғни бір жыл қызмет атқарады.

Жергілікті атқарушы органдар ұйымдастырып, қамтамасыз ететін азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүргізіледі. Комиссия төрағалары, тиісінше, аудан, қала және облыс әкімдерінің орынбасарлары.

Күзгі әскерге шақыру комиссиясы өз жұмысын 1-ші қыркүйектен бастады. Әскерге шақыру жұмыстары желтоқсанның соңына дейін жүргізіледі.

Әскерге шақыруды кейінге қалдыру немесе босату құқығы әскерге шақыру комиссиясының шешімімен Қазақстан Республикасының «Әскери міндет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» заңының талаптарына сәйкес беріледі. Ал биылғы жылдың көктемінде елімізде 15 мың жас әскерге аттанған еді.         

     Ғани Артықов, подполковник, Нұр-Сұлтан қаласы Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің өкілі:

–      2021 жылдың көктемінде 15 мыңнан астам (15194) жас әскерге шақырылды, оның ішінде 76%-ы қазақ; 13%-ы орыс; 2,5% өзбек; 1,5% украин, неміс және ұйғыр; 1% татар, 3% басқа ұлттар (дүнген, әзербайжан – 0,2%; поляк, шешен – 0,1%). Осы статистиканың жергілікті әскери басқару органдарында әскери есепте тұрған әскерге шақырылатын контингенттің ұлттық құрамымен тікелей байланысты екені түсінікті.

Бұл ретте әрбір әскерге шақырылушыны әскерге шақыру туралы шешімді әскерге шақыру комиссиялары қабылдайды, онда әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе әскерге шақырудан босатуға негіздердің болмауы, денсаулық жағдайы, білім деңгейі, психологтардың ұсынымдары және моральдық-психологиялық қасиеттері назарға алынады, комиссия әскерге шақырылушының ұлтына қарамайды.

Мұрат Берекполов, полковник, Нұр-Сұлтан қаласы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы:

–      Алдымен ел іргесі берік болуы керек. Шекарашы сарбаздарды алдымен жөнелтетін себебіміз – олардың ел күзету қызметін атқару үшін дайындалатын оқу-жаттығу процесі 2-3 ай мерзімді құрайды. Жаңа буын жеткен соң, міндеттерінің толық мерзімін атқарған сарбаздар үйлеріне қайтарылады. Бұл үрдіс елімізде жылдар бойы көктем мен күзде толассыз жүріп келеді. Шекарашылардан кейін Қарулы Күштердің, Мемлекеттік күзет қызметінің және Ұлттық ұлан әскери бөлімдерін сарбаздардың жас буынымен толықтырамыз.

     Әскерге шақыру комиссиясы мерзімді әскери қызметке шақырылған азаматтардың әскердің қандай тектері мен түрлеріне баратындығын олардың алған білімі, арнайы мамандығы, денсаулық жағдайына қарап шешеді. Жоғары білім алған жастар олардың алған біліміне жақын мамандықтағы және әскери дайындыққа бейін оқу бөлімдеріне жіберіледі. Мәселен, математика, физика және инженерлік экономика факультеттерін бітірген әскерге шақырылушылар радиотехника, зенитті-зымыран, байланыс бөлімдеріне барады. Ал ауылшаруашылығын механикаландыру және электрлендіру сынды мамандықтарды бітіргендер танкі, әуе, зенитті-зымыран және азаматтық қорғаныс сынды әскери бөлімдерге жіберіледі. Медициналық және фармацевтикалық мамандықты бітірген жастар әскери бөлімде кіші медициналық қызметкер ретінде жұмыс істей алады.

Әрине, жастардың барлығы бірдей мерзімді әскери қызметке жіберіле бермейді. «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңға сәйкес жасы 24-27 жасқа дейінгі әскерге шақырылушылар Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «Әскери-техникалық мектебі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының филиалдарында ақылы негізде әскери даярлықтан кейін әскери міндеттілердің қатарына өту мүмкіндіктері бар. Бұл үрдіс өз кезегінде мемлекетке әскери тұрғыда даярланған резервтің санын ұлғайтуға мүмкіндік береді. Ал бұл – бір жыл мерзімді әскери қызметте болуға отбасы жағдайы көтермейтін немесе денсаулығы бойынша шектеулері бар жастар үшін ыңғайлы шешім. Оқу мерзімі – 40 тәулік, оқу құны – 263 318 теңге. Оған тамақтандыру, киім-кешек, оқу-жаттығу процесі үшін шығындар және казармада тұру кіреді.

    Отанды қорғау қай заманда да қасиетті парыз саналған, ал әскери қызмет өткеру – әрбір ер азаматтың міндеті. Мерзімді әскери қызмет өткеру тек қару қолдану, күрделі әскери техниканы меңгеру дағдыларын игеруге ғана мүмкіндік бермейді, сонымен қатар, денені шынықтырып, рухани нығаюға ықпал етеді.

     Ғани Артықов, подполковник, Нұр-Сұлтан қаласы Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің өкілі:

–      Қарулы күштеріміз озық технологиялар және заманауи техникалармен кеңінен жабдықталуда. Сол себепті әскеріміздің қатарын жас сарбаздармен толықтыруды сапалы жүргізуге аса көңіл бөлудеміз. Әскери қызметке білімді де білікті, денсаулығы мықты, психологиялық тұрғыдан сабырлы, байыпты жастардың арасынан үздіктердің үздігін, әскери бөлімдерге қажетті мамандық иелерін жібереміз. Әскери бөлім командирлерінен біздің жөнелткен елордалық сарбаздарымыздың үздік қызметтері мен елдің қорғаныс қабілеттілігіне қосып отырған еңбектері туралы алғыстары да келіп жатыр. Солардың қатарында 2021 жылғы көктемде 30212 әскери бөлімі Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлері оқу орталығына жіберілген Мамытхан Ғалымжан Бауыржанұлы, Батыров Дидар Қанатұлы, Якупов Диас Серікұлына әскери бөлім басшылығы атынан келген алғыс хаттары ата-аналарына табыс етілді.

    Мерзімді әскери қызметтің әскери қызметшілерін запасқа шығару олар әскерге шақырылған күннен бастап 12 ай өткеннен кейін жоспарлы түрде жүргізіледі.

    Биыл осымен екінші жыл қатарынан әскерге шақыру кампаниясы пандемия жағдайында өтіп жатыр. Әскерге шақыру, жиын пункттерінде коронавирус инфекциясының алдын алу және оның таралуына жол бермеудің практикалық тәжірибесі пысықталған. Өткен жылғы әскерге шақыру кампаниясындағы сияқты әскерге шақырылушыларға ПТР зерттеуі екі рет жүргізілетін болады. Яғни, әскерге шақыру кезіндегі жиын пункттерінде және олар әскери бөлімдерге келген кезде ұйымдастырылады. Белгіленген санитарлық-эпидемиологиялық шектеулерді сақтау, медициналық маскалармен, дезинфекциялау құралдарымен қамтамасыз ету Қорғаныс министрінің ұдайы бақылауында.

Алдағы әскерге шақыру барысында Цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің 1414 қызметінің сервисі арқылы әскерге шақырылушыларға SMS-хабарламалар таратуды жалғастыру жоспарлануда. Хабардар ету процесінен жеке қарым-қатынас жасауды алып тастау инфекция жұқтыру қаупін азайтады.

Осы ретте айта кететін болсақ, биылғы жылдың басты жаңалықтарының бірі – әскерге шақырылушы үйден шықпай-ақ онлайн режимде әскерден босатуды немесе әскерге шақыруды кейінге қалдыру үшін құжаттарын ұсына алады. Ол үшін elicense.kz порталында авторизациядан өту керек, кейін «Қауіпсіздік» қосымша бетінде тізімнен қажетті қызметті және мемлекеттік органды таңдау қажет. Әрі қарай ұсынылған және қосымша өрістерді толтырып, кейінге қалдыру немесе босату себебін, сондай-ақ әскери есепте тұрған орнын көрсетіп, құжаттардың электрондық көшірмелерін жүктеп, ЭЦҚ арқылы өтінішке қол қоюы қажет. Шақыру комиссиясы өтінішті онымен қоса берілген файлдармен қарайды және әскери қызметке шақырудан босату немесе әскерге шақыруды кейінге қалдыруды ұсыну туралы қорытынды немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тартуды шығарады.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту үшін ағымдағы жылғы көктемгі әскерге шақыру кезінде мерзімді әскери қызметке әскерге шақыруды кейінге қалдыру және одан босату «Электрондық үкімет» порталының «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер базасының ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызмет көрсету шеңберінде жүзеге асырылды.

 

Меруерт САФАЕВА

.



Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"