Күзгі әскерге шақыру

   Семей қаласының Қорғаныс істері жөніндегі басқармасында мерзімді әскери қызметке күзгі шақыру шарасы жүріп жатыр.  

   Қазақстан Республикасының «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңына, ҚР Президентінің «Қазақстан Республикасының азаматтарын 2018 жылдың наурыз-маусым және қыркүйек-желтоқсан айларында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру және әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығарып салу туралы» Жарлығына, ҚР Қорғаныс министрлігінің «ҚР Қарулы Күштерінде әскери-дәрігерлік сараптаманы өткізу Ережесін бекіту туралы» бұйрығына, ҚР Қорғаныс министрінің «Қазақстан Республикасының өзге әскері мен әскери құрылымдарында, Қарулы Күштерде қызмет ететін тұлғалардың денсаулық жағдайының жарамдылығына қойылатын талаптарды бекіту туралы» бұйрығына, сондай-ақ, Семей қаласы әкімшілігінің қаулысына сәйкес, Семей қаласының Қорғаныс істері жөніндегі басқармасында медициналық комиссияның дәрігер-мамандарының көмегімен әскерге шақырылушыларды медициналық куәландыру жалғасуда.

   Жақсылық АЙТБАЕВ , Семей қаласы Қорғаныс істері жөніндегі басқармасы бастығы подполковник: «Еліміздің Қарулы Күштеріне, өзге де әскер мен әскери құрылымдарға мерзімді әскери қызметке 1992-2000 жылдары аралығында туылған азаматтар шақырылып отыр. Күзгі әскерге шақыру шарасы Семей қаласының Қорғаныс істері жөніндегі басқармасының, қала әкімі аппаратының, денсаулық сақтау бөлімінің, ішкі істер басқармасының, аудандық және ауылдық округтердің өзара тығыз байланысының нәтижесінде қолға алынды. Әскери бөлімдер мен мекемелерді жас құраммен жасақтау жөніндегі жұмысқа медициналық комиссия кірісіп те кетті. Жасы әскер жасына шақыруға толғандарды әскери бөлімдер бойынша іріктеу және бөлу барысында алдын-ала жүргізілген зерделеу жұмыстарының нәтижелері мен әскерге шақырылғанға дейінгі алған мамандықтары баса ескеріледі».

   Назима АБДАНОВА, медициналық әскерге шақыру комиссиясының аға дәрігері: «Бұған дейін әскерге шақырылушылар арасында дене салмағының жетіспеушілігі байқалатын. Жасы әскерге шақыруға толғандарды алдын-ала зерделеу жұмыстары жасөспірім кезінде сапасыз тағамдарды ретсіз пайдаланғанын көрсетіп отыр. Соған қарамастан әскерге барғысы келетіндердің саны жылдан-жылға артып келеді».

   Берікжан ӘКІМЖАНОВ, әскерге шақырылушы: «Отан алдындағы әскери және азаматтық борышымды өтеп, егемен еліміздің айбынды армиясының жауынгері болғым келеді. Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетін ақпараттық жүйе мамандығы бойынша тәмамдағам. Енді осы білімімді әскери өмірде шыңдап, тәжірибе жинақтамақ ойым бар. Менің білуімше Ұлттық қорғаныс университеті, Құрлық әскерлерінің әскери институты, әуе қорғанысының әскери институты, радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты бар. Ресей, Украина, Беларусь, Германия, Түркия, АҚШ, Оңтүстік Корея және Ұлыбритания мемлекеттерінде де әскери білімді одан әрі жетілдіруге болады. Яғни кез-келген азамат Қарулы Күштердің қатарына қабылданып, еліміздің қорғаныс қабілетін арттыруға үлесін қоса алады. Ең бастысы тұрақты болашақ, мансап пен кәсіби тұрғыда өсу кепілдігіне ие боласың. Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерін әлеуметтік, заттай мүлікпен, азық-түлікпен, баспанамен, медициналық, білім беру, демалыс және зейнетақымен қамтамасыз етудің мүмкіндіктері де мол».

   Ержан ШАНТАЕВ, әскерге шақырылушы: «Мен әскер қатарына шақырылған Қазақстан азаматымын. Әскери өмірдің ауыртпалықтарын жеңе білу, жаңа ортаға қалыптасу, берік тәртіпке үйрену, әскери техниканы меңгеру, жауынгерлік құралдарды игеру – біздің міндетіміз деп білемін. Әрі ұлы Отанымыздың тыныштығын қорғайтын абыройлы азамат болуға, қажырлық пен қайсар мінездің иесі болуға тиістіміз. Мен де болашағымды әскери өмірмен жалғастырғым келеді. Гуманитарлық экономикалық колледж түлегі, информатика пәнінің мұғалімі боламын».

 

 

 

 

 


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"