«Киров» әскери-патриоттық клубының тәрбиеленушілері ҚР ҚК Әскери-теңіз күштерінде қызмет ететін болады

Алматы қаласындағы «Киров» әскери-патриоттық клубының тәрбиеленушілері Ақтау қаласындағы ҚР ҚК Әскери-теңіз күштерінің оқу-жаттығу орталығына барды. Ұлы Отан соғысы жылдары теңізде Ленинградтың қорғанысын ұстап тұрған әйгілі қызыл тулы крейсер «Киров» атындағы клубтың бозбалалары Қазақстан әскери теңізшілерінің қызметін өз көздерімен көруге мүмкіндік алды.

«Біз Ақтауға Алматыдан келдік. Теңізді көрдік, нағыз корабльде жүздік, бізді қорғап жүрген әскери қызметшілермен таныстық. Клубта бізге 1937 жылы Қазақстан сол кездегі әлемдегі үздік «Киров» крейсерін қамқорлыққа алғаны туралы айтатын.  Қазақ халқының үздік ұлдары Кеңестік Отанның теңіз шептерін күзету бойынша қызметке жөнелтілді. Болашақта мен әскери қызметші болып, Қазақстанның Әскери-теңіз күштерінде қызметімді жалғастырғым келеді», - деді «Киров» әскери-патриоттық клубының тәрбиеленушісі Асқар Ерланов.
Бүгінгі таңда Алматы қаласының қорғаныс істері жөніндегі департаменті және ҚР ҚК Әскери-теңіз күштері бас қолбасшысының басқармасы арасында «Алатау» мина-тартқыш корабліне әскери-шефтік жұмысты ұйымдастыру мәселесі жөнінде меморандумға қол қойылуда. Меморандумға сәйкес «Киров» Қызыл тулы крейсердің жас теңізшілері әскери-патриоттық клубының тәрбиеленушілері Отанымыздың теңіз және өзен шептерін күзету бойынша оқуға және әрі қарай қызмет етуге аттанатын болады.
«ҚР ӘТК-нің қолдауының арқасында бізге ҚР-да әскери-теңіз кадеттілігі дәстүрін қайта жаңғыртуда пионер атану және аталмыш патриоттық бағыттың делегаттары болу абыройы бұйырды», - деп «Киров» ӘПК-ның жетекшісі Бақытжан Пірімбетов атап өтті.  «Киров» ӘПК – бұл Алматы қаласының ҚІЖД-ге жетекшілік ететін 30 клубтың ішіндегі ең үлкені болып табылады. ӘПК тәрбиеленушілерінің саны 75 бала, оның ішінде 20-сы жетім балалар. Осы клубтағы бозбалалардың біршамасы келешекте әскери теңізші болуды қалайды.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"