Келешекке кемел біліммен

Кез келген мемлекет қаһарлы, кез келген тосқауылға қауқарлы әскерімен айбынды. Әскерге қайсар рухпен қоса, жауынгерлік даярлық, стратегиялық және тактикалық амал-айла, техникалық артықшылық әбден керек. Дегенмен, әскери ғылымсыз әскердің құдіреті де ілгерілеуі де болмайды. Сондықтан жасанып келген жауға тойтарыс беру үшін білекпен бірге, әскери ілімнің де болмағы керек. Демек, өрлеуді бастан өткеріп жатқан Қазақстан армиясына жеңісті жалауларын желбіретуге себі тиер әскери ғылымның ауадай қажеттігі даусыз. Өйткені, қазіргі заманғы сарбазды құр намыспен жауға аттандыра алмайсыз, заманауи қару-жарақсыз күнің қараң. Осы ретте Қазақстанның Қорғаныс министрлігі әскери білім мен ғылымды дамыту әрі жетілдіру мақсатында көптеген жұмыстар атқарып жатыр.

400-ден аса әскери шетелде білім алуда

 

Қаруы мылтыққа емес, білімге қараған заманда қорғаныс саласындағы әскери білімнің дамуы – маңызды қадамдардың бірі. Дәл бүгін Қарулы күштерімізде қызмет ететін 400-ден астам офицерлер мен курсанттар АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Корея, Түркия, Қытай, Үндістан, Украина, Ресей және Беларусь мемлекеттерінің танымал әскери жоғары оқу орындарында білім алуда. Бұған ҚР ҚМ Білім және ғылым департаментінің берген мына мәліметі дәлел:

 

 

РФ

БР

Украина

Түркия

Үндістан

Корея

ҚХР

АҚШ

Англия

ГФР

офицерлер

БШФ

4

 

 

 

 

 

 

 

 

 

магистратура

69

 

 

3

 

2

 

4

1

1

докторантура

1

 

 

 

 

 

 

 

 

 

адъюнктура

8

4

 

 

 

 

 

 

 

 

ізденушілік

54

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ординатура

2

6

 

 

 

 

 

 

 

 

«Болашақ» бағд.

1

 

 

 

 

 

 

1

1

2

ЖИЫНЫ:

139

10

 

3

 

2

 

5

2

3

курсанттар

 

176

32

10

41

1

2

29

4

 

 

ЖИЫНЫ:

315

42

10

44

1

4

28

9

2

3

БАРЛЫҒЫ:

459

оның ішінде: 164-і офицер, 295-і курсант

Айта кетейік, Қорғаныс министрлігі жыл сайын іріктеу кезеңдерінен мүдірмей өтіп, барлық талаптарға сай келген ойы ұшқыр, тіл меңгерген офицерлер мен курсанттарды шетелдің ең озық әскери университеттеріне оқуға жібереді. Тек «жүзден жүйріктері» ғана жолдама ала алады. Олар білімін ұштап, алған тәжірибесін армиямыздың игілігіне қолданатын болады.

Ұтымды тұсы елімізде әзірленбейтін әскери мамандық түрлері бойынша ғана шетелге жібереді. Мәселен, ақпараттық қауіпсіздік мамандары, айти, ғарыш саласындағы мамандар, инженерлер.

 

Қазақстанда оқып жатыр

 

Сондай-ақ халықаралық әріптестік негізінде ҚР ҚМ әскери оқу орындарында білім алып жатқан өзге елдердің әскери қызметшілері де бар. ҚР ҚМ Білім және ғылым департаментінің мәліметінше, олардың саны:

- ҰҚУ-де – 15 офицер (12 тәжік, 3 қырғыз);

- ҚӘ ӘИ-де – 73 курсант (43 тәжік, 30 қырғыз);

- ӘҚК ӘИ-де – 40 курсант (26 тәжік, 14қырғыз);

- РЭБӘИИ-де – 10 курсант (барлығы қырғыз).

Әскери білім берудің отандық жүйесін дамытып, жетілдіру және әскери кадрларды сапалы деңгейде даярлау мақсатында тұрақты түрде оқытудың жаңа бағдарламалары енгізіліп іске асуда.

 

Жаңа технологиялық жүйе

 

ҚР ҚМ Білім және ғылым департаментінің мәліметіне сүйенер болсақ, 2016 жылдан бастап ҚР ҚМ әскери оқу орындары кредиттік оқыту технологиясына көшті. Әскери оқу орындарының білім беру бағдарламаларына логикалық ойлауды және көшбасшылық қабілеттерді дамытатын жаңа пәндер («логика», «көшбасшылық жәнебасқару стилі», «әскери әдеп», «саясаттану және геосаясат», «дінтану», «ақпарат қауіпсіздігі», «қазіргі заманғы соғыстар тарихы») енгізілді.

Барлық ӘОО-ларда кеңейтілген тіл даярлығын енгізу жоспарлануда. Онда курсанттар қазақ, орыс және ағылшын тілдерімен қатар таңдаулары бойынша қытай, араб, француз, испан тілдерін қосымша үйренетін болады.

2016 жылдан бастап ҰҚУ ӘОО-лардың профессор-оқытушы құрамдары үшін қашықтықтан білім беру технологиясы бойынша ғылыми-педагогикалық магистратура мен докторантурада оқытуды бастады.

Әскери білім парадигмасы тікелей әскери салада, сондай-ақ жалпы еңбек нарқында да әскери мамандардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға қарай түбегейлі өзгертілген.

Әскери мамандарды даярлаудың құзыреттілік моделі іске асырылуда, онда әр офицер сын тұрғысынан ойлау құзыретін, тілдерді білуін, әскери істегі қарқынды өзгерістерге және жаңа қауіп-қатерге бірдей қарау машығын дамытады. Әскери білім берудің бірыңғай жүйесінің тұжырымдамасы әзірленіп, бекітілді. Онда барлық деңгейдегі оқу орындарының (орта, техникалық және кәсіптік, жоғары (бакалавриат) оқу-тәрбиелік процесінің барлық бағыттары бойынша өзара байланыстардың тігінен және көлденеңінен құрылысының негізгі кескіндемесі белгіленген.

 

Әскери ғылым жетілдірілді

 

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінде әскери ғылымды басқару жүйесі де жетілдірілді.

Ағымдағы жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің Әскери ғылыми-зерттеу орталығына біріктірілген екі ғылыми-зерттеу институтына (Әскери өнер ҒЗИ және Қару-жарақ пен әскери техника ҒЗИ), сондай-ақ барлық әскери ЖОО-ларының ғылым бөлімдеріне жетекшілік етуші ҚР ҚМ Әскери ғылым және инновациялар жеке басқармасы құрылды.

 

Сондай-ақ, осы жылы Қорғаныс министрлігінде Қорғаныс министрінің төрағалығымен мақсатты инновациялық технологиялардың басымдылық бөлігінде стратегиялық қорғаныс бастамаларын анықтайтын, соанымен қатар қорғаныс зерттеулерін жүргізу туралы шешім қабылдайтын Қорғаныс зерттеулері кеңесі құрылды.

2017 жылы Қорғаныс министрлігінің және барлық әлеуетті блоктың бірлескен күшімен ғылымды дамытудың жаңа «Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс» басымдылық бағыты ашылды.

Қазіргі уақытта әскери ғылымды дамытудың негізгі векторлары болып мыналар танылады: бірінші – мемлекеттің қауіпсіздігіне жаңа сындар мен қауіп-қатердің пайда болуы жағдайында әскери сананы дамыту; екінші – қолда бар қару-жарақ пен әскери техниканы жаңарту мақсатында ғылыми және технологиялық потенциалды дамыту.    

 

Пилотсыз ұшу аппараты ұшырылды

 

         Өткен жылдары ҰҚУ-де алдыңғы қатарлы ғылыми-тәжірибелік база қалыптастырылды.

         Ғылыми лабораториялар қызметінің негізгі бағыттары отандық әскери роботты техника, пилотсыз ұшу аппараттары, әскери-ғарыш және ақпараттық технологиялар мәселелерін зерттеу болып табылады.

 

ҰҚУ-дің базасында берілген тереңдікке барлау жасау, сондай-ақ тактикалық буынның оқ ату мен зақымдау құралдарына түзету жасауға арналған қанатының өрісі 2,2 метрден тұратын, қолмен немесе катапульттендіруші құрылғының көмегімен ұшырылатын тактикалық буынды ПҰА әзірленді және ол табысты ұшырылды.

Отандық көпмақсатты «Бүркіт» автомобилін жетілдіру, сондай-ақ отандық ату қаруын шығару бойынша жұмыс жүргізілуде.

ҰҚУ-дің көпмақсатты «Бүркіт» автомобилі, жер үсті робот-барлаушы сияқты кейбір жобалары «KADEX» халықаралық көрмелерінде көрсетіліп, ұсынылды.

Әскери ЖОО-ларына ақылы қызмет көрсетуге, соның ішінде ғылыми зерттеулердің қорытындыларын коммерцияландыруға ықпал ететін ғылыми лабораторияларды бірлесе пайдалану және әскери ғылыми-тәжірибелік базаны одан әрі дамытуға қатысты бөлігінде заңнамалық базаны жетілдіру бойынша жұмыс жүргізілуде.

 

40 меморандумға қол қойылды

 

ҰҚУ ғылыми мекемелермен, ЖОО-лармен, кәсіпорындармен ынтымақтастық туралы 40 меморандумға қол қойды. «Биологиялық қауіпсіздік мәселелері ғылыми-зерттеу институты» РМК- мен (Гвардейский қүп.) ынтымақтастық жүргізілуде (бұдан әрі – БҚМ ҒЗИ).

Қазіргі уақытта ҰҚУ қызметкерлерінің «Қазақстан Республикасының қорғаныс қабілеттілігін арттыруға арналған биологиялық қауіп-қатерлерге қарсы әрекет ететін кешенді шараларды әзірлеу» тақырыбында БҚМ ҒЗИ-мен бірлескен жобаға қатысу мәселесі пысықталуда. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-мен бірге сутекті генераторды жасау бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Назарбаев Университетінің Аккумуляторлар институтымен бірге ПҰА-ға жеңілдетілген аккумуляторлық батареяны жасау бойынша жұмыс жүргізілуде. «Қазақстан ГАЖ Орталығы» АҚ-мен бірге тактикалық буынның ПҰА бірлесіп жасалуда. ҚазҰТУ-дің ұжымдық пайдалану лабораториясымен бірге ПҰА-сын жасау барысында аэродинамикалық жұмыстар, сондай-ақ математикалық есептер жүргізілді. Сонымен қатар, «Қазақстан авиациалық индустрия» АҚ-мен ПҰА бірлесе жасау және жетілдіру бойынша жұмыс жүргізілуде.

Курсанттар белсенді қатысады

 

ЖОО-ларында курсанттардың ғылыми-зерттеу жұмысына көп назар бөлінеді, әскери-ғылыми қоғамдардың жұмысы (бұдан әрі-ӘҒҚ) ұйымдастырылған. Институттардың кафедралары оқытылатын пәндер бойынша пәндік олимпиадаларды жүйелі түрде өткізеді. ӘҒҚ қызметі шеңберінде институттардың курсанттары жылына 500 баяндамалар мен рефераттар әзірлейді.

Курсанттар оқу орындары арасындағы олимпиадаларға, конкурстарға, чемпионаттарға, көрмелерге және басқа да іс-шараларға белсенді түрде қатысады. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының және шетел ЖОО-ларында түрлі тілдік тағылымдамадан, семинар-тренингтерден өтіп, бірқатарына сертификаттар, грамоталар мен дипломдар берілді.

Мысалы, ҚӘ ӘИ командасы Ресей Федерациясының Рязань қаласында өткен курсанттардың әскери-кәсіптік даярлығы бойынша Халықаралық олимпиадада Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы командаларының 34 командасы арасынан жүлделі 3-орынды алды, РЭБӘИИ командасы 2 орын алды.

Сондай-ақ, ҚӘ ӘИ-де курсанттардың Ресей Федерациясының Қорғаныс министрі армия генералы С.Шойгудың грамотасы мен «Жауынгерлік достастықты нығайтқаны үшін» медалімен марапатталған ғылыми-зерттеу жұмыстары бар.

Айта кетейік, ЖОО-ларын бітіруші курстың курсанттарды диплом жұмысын жазуы барысында ҚЖӘТ әртүрлі элементтері мен тораптарын жетілдіру бойынша жүргізген, сондай-ақ макеттер мен стенділер әзірлеу жұмыстарына курсанттардың рационализаторлық және өнертапқыштық жұмыстарына назар аударылады.

 

Жобалар жаңаша мүмкіндік береді

 

Ұзақ жылдардан бері алғашқы рет мемлекеттің әлеуетті құрылымдары БҒМ Ғылым комитеті 2018-2020 жылдарға жариялаған грантты және бағдарламалық-мақсатты қаржыландыру конкурсына қатысты. Ұлттық қорғаныс университеті конкурс шеңберінде өтінімдер тапсырып, 16 ғылыми жоба мен бағдарламалар Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптамадан өтті және Ұлттық ғылыми кеңесте мақұлданды (3 бағдарламалық-мақсатты және 13 грантты қаржыландыру бойынша).

Жобалардың бір бөлігі біздің Армияны цифрландыруға қатысты, біздің лабораторияларда жүргізілген зерттеулердің қорытындылары барлық әлеуетті ведомстволардың мүддесінде пайдаланылады, сондай-ақ отандық қорғаныс өнеркәсіптерінде жүзеге асырылады.

Мысалы, «Қазақстан Республикасының қорғанысы мен қауіпсіздігі мүддесінде арнайы геоақпараттық платформаны әзірлеу» тақырыбындағы жоба Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері мен басқа да әлеуетті құрылымдары үшін бірыңғай электронды базаны құруға мүмкіндік береді.

 

                Қазіргі уақытта 2019-2021 жылдары ғылыми зерттеулерді жүргізуге өз конкурсын жариялау мәселесі пысықталуда.

         Осылайша, Қорғаныс министрлігінде әскери ғылымды жаңа сапа деңгейіне шығаруға мүмкіндік беретін қорғаныс және ғылыми зерттеулер жүргізудің жаңартылған моделі қалыптастырылды және жүзеге асырылуда.

 

 

 

 


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"