Келісімшарт бойынша әскери қызмет

Келісімшарт бойынша әскери қызмет – бұл мемлекеттік қызметтің ерекше түрі ғана емес, кәсіби өсу келешегін беретін, әскери қызметкердің өзінің, оның отбасының әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ететін абыройлы жұмыс. Біздің мақаламыз келісімшарт бойынша әскери қызметкерлер қатарына қосылғысы келетін азаматтар үшін ғана емес, сонымен қатар келісімшарттық қызмет деген не және оның қандай мүмкіндіктері бар екендігі туралы мәселе толғандыратындар үшін де пайдалы болады.

Келісімшарт бойынша әскери қызметке кіретін адамдар мынадай талаптарға жауап беруі керек:

  • Қазақстан Республикасы азаматтығының болуы;
  • курсанттардан басқа адамдар 19 жастан кіші болмауы және әскери атаққа байланысты әскери қызметтегі шектік жастан бес жасқа кіші мерзімнен аспауы;
  • тиісті әскери қызметтің әскери-есепке алу мамандығына ие болуы;
  • әйелдерді қоспағанда, мерзімді әскери қызметті өтеуі немесе жоғары оқу орнының әскери кафедрасында оқытудан немесе Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында әскери-оқытылған резервін дайындау бойынша әскери дайындықтан өтуі.

Келісімшарт бойынша әскери қызметке мына мамандықтарға қабылданады:

  • офицерлік құрам;
  • прапорщиктер және мичмандар;
  • солдат, матростар, сержанттар және старшиналар.

Біздің елдегі келісімшарт қызметіне жоғары білімі бар запастағы офицерлер, әскери оқу орындарының курсанттары және тыңдаушыларын алады.  Мерзімді әскери қызметті аяқтаған және орта кәсіби білімі бар солдаттар, матростар, сержанттар және старшиналар прапорщик немесе мичман лауазымына келісімшартқа отыра алады.

Қазіргі кезде келісімшартшылардың шамамен 12% әйелдер қауымы құрайды. Әйелдерді операторлар, байланысшылар, дәрігерлер, қаржыгерлер лауазымына және басқа да мамандықтардың өкілдерін қабылдайды.

Келісімшарттық қызметке қабылдау үшін сізге тұрғылықты жеріңіз бойынша әскери басқармалардың жергілікті органдарына (әскери комиссариаттарға) жүгіну қажет.

 

Келісімшарттық қызметке қабылдау рәсімі келесі кезеңдерден тұрады:

  • түсуге қажетті құжаттарды жинау және қабылдау;
  • медициналық куәландырудан өту;
  • дене дайындығы деңгейінің сәйкестігін анықтау;
  • кәсіби дайындық деңгейін анықтау
  • психологиялық жарамдылыққа тексеруден өту.

Келісімшарттық қызметке кіруге қажетті құжаттар тізімі.

1.     Өтініш.

2.     анкеталық мәліметтер;

3.     жеке жазылған автобиография;

4.     жеке басын және азаматтығын куәландыратын құжаттың түпнұсқасы және көшірмесі;

5.     білім туралы құжаттардың көшірмелері (салыстыру үшін түпнұсқалар ұсынылмаған жағдайда нотариалды куәландырылғандары);

6.     бар болса еңбек кітапшасының көшірмесі;

7.     сотты болмағандығы туралы анықтама;

8.     табыстар туралы декларацияны салық органының қабылдауы туралы анықтама;

9.     соңғы қызмет орнынан сипаттама (жұмыс немесе оқу).

Үміткерлерді медициналық куәландыру екі кезеңнен тұрады:

  • алдын ала медициналық куәландыруды – тіркеу орны бойынша медицина ұйымдарының дәрігер мамандары жүргізеді;
  • түпкілікті медициналық куәландыру – шақыру (тіркеу) медициналық комиссияларының жұмысы кезінде әскери басқарманың жергілікті органдарында жүргізіледі.

Іріктеу комиссиясы үміткердің білімінің қаралып отырған әскери Интеллектуалдық даму деңгейі, әскери қызметтен өтуге психологиялық жарамдылық, тексерілетін үміткерлердің әскери қызметке қажет кәсіби және жеке қасиеттері бағаланады.

Келісімшарт бойынша әскери қызметке қабылдана алмайды:

1.     сотпен әрекет етуге қабілетсіз немесе шектеулі әрекетті деп танылған;

2.     әскери қызметтің міндеттерін орындауға кедергі келтіретін ауруы бар;

3.     соттылығы бар;

4.     әскери қызметке кірерден бұрын 2 жыл ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылған;

5.     әскери қызметке кірерден бұрын бір жыл ішінде сот тәртібінде қасақана құқық бұзушылық үшін әкімшілік жазасы бар;

6.     әскери қызметке кіргенге дейін 3 жыл ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жазасы бар;

7.     егер жұмыстан шығарылған күннен бастап бір жыл өтпесе, теріс мотивтер бойынша мемлекеттік қызметтен шығарылған азаматтар.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"