Каспийде Қазақстан мен Ресейдің бірлескен әскери-теңіз оқу-жаттығуы аяқталды

Қазақстан Республикасының Әскери-теңіз күштері мен Ресей Федерациясының Каспий флотилиясы арасындағы бірлескен оқу-жаттығудың бірінші кезеңінде экономикалық қызмет объектілерін күзету мен қорғауды жоспарлауда штабтардың іс жүзіндегі іс-қимылдары пысықталды. Екіншіде – Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы кемелердің іс-қимылы, ал үшінші кезеңде осындай іс-қимыл Каспий теңізінің ресейлік су айлағында орындалды.

– Экипаждар ауқымды практикалық тәжірибе жинақтап, жоғары ептілік көрсетті. Жауынгерлік іс-қимыл аудандарына кемелерді күшейту кезінде тралдарды алып өтудегі іс-қимылдар, теңізбен өту кезінде корабльдерді күзету мен қорғау, сондай-ақ әуе қарсыласымен, оның ішінде ұшқышсыз ұшу аппарттарымен күрес жүргізу, қарсыластың кемелері мен катерлерінің, оның ішінде шахид-катерлердің шабуылын көрсету пысықталды, - деді Қазақстан Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы контр-адмирал Сәкен Бекжанов.
Әскери теңізшілер су үсті және әуе нысаналарына артиллерия мен зымыран қаруынан жауынгерлік оқу-жаттығу атыстарын орындады.
Каспий теңізінде әскери-теңіз күштерінің бірлескен оқу-жаттығуы мамырдың 19 мен 25 аралығында өтті.




Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"