Каспийде әскери теңізшілер жауынгерлік оқу-жаттығу тапсырмаларын орындады

Қазақстан әскерінде ел Президенті – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысының тапсырмасымен өтіп жатқан тексеріс аясында Каспий теңізінің акваториясында Әскери-теңіз күштерінің корабльдер тобы әскери қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды орындады.


 Бұл тәжірибелік іс-қимылға «Қазақстан», «Орал», «Сарыарқа», «Маңғыстау» зымыран-артиллериялық корабльдері, «Алатау» мина-тралдық кораблі, «Жайық» гидрографиялық кемесі, жылдам жүретін қайықтар мен катерлердің жауынгерлік жүзушілер жасағы тартылды. Маневрға барлығы 600-ге жуық матрос, оның ішінде мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер де қатысуда.
Арнайы әскери операциялар кезінде Каспий теңізінің қазақстандық секторында теңіздегі экономикалық қызмет нысандарын күзету және оларды қорғау ұйымдастырылды, жағалаудағы құрлық әскерлерінің іс-қимылын қолдау қамтамасыз етілді. Плацдармды басып алу және оған оқ жаудыру үшін тактикалық теңіз десанты түсірілді. Авиация, зымыран күштері және артиллерия бөлімшелері бірлесе отырып, теңіз жағалауына түсірілген десантқа қарсы қорғанысты ұйымдастыру тапсырмаларын пысықтады.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"