Кадрларды ротациялау мен цифрлық қызметтер тәжірибеге енгізіледі

Қорғаныс ведомствосының стратегиялық басқару орталығында Қорғаныс министрлігінің Қарулы Күштердегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссиясының отырысы өтті.

Онда Әскерлерді пәтерлерге орналастыру Бас басқармасы мен аудандық пайдалану бөлімдерінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері қаралды. Талдауды бір ай уақыт ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссияның төрағасы – Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Тимур Дәндібаев бастаған Қорғаныс министрлігінің жұмыс тобы өткізді.
Комиссия басқару және пайдалану бөлімдерінің қызметіне байланысты мәселелерді шешу кезінде адами фактордың ықпалын төмендету жөнінде ұсынымдарды дайындады. Жұмыс тобы қорғаныс инфрақұрылым нысандарын салу, күрделі жөндеу, жобалық-сметалық құжаттама дайындау және шарттарды қазынашылық сүйемелдеу мәселелеріне ерекше назар аударды. Сонымен қатар, бір көзден сатып алу көлемін азайту қажеттілігі туралы айтылды.
Бұдан бөлек сапасыз тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді қабылдау актілеріне қол қоюға жол берілмейтіндігі көрсетілген. Оларды аудандық пайдалану бөлімдерінде қабылдау кезінде ашықтықты қамтамасыз ету үшін бейнетіркегіш қолдану ұсынылды.
Заңнамаға сәйкес қорғаныс ведомствосының нысандарына қол жеткізе алатын қоғамдық институттарды күрделі құрылыс пен жөндеу жұмыстарын жүргізуді бақылауға тарту ұсынылды.
Цифрлық технологияны қолдануда блок сұрақтары қарастырылатын болады. Сұрақтардың тұтас блогы цифрлық технологияларды қолдануға арналды. Жағдайды жақсартуға қорларды есепке алудың ақпараттық жүйесін жедел енгізу ықпал ететін болады. Қызметтік тұрғын үйге мұқтаж әскери қызметшілерді есепке қою жөніндегі мемлекеттік қызметті электрондық форматқа көшіруді аяқтау қажеттігі көрсетілген. Тұрғын үйге кезектілік туралы мәліметтер веб-порталмен біріктірілуі тиіс, egov.kz әскери қызметшілердің осы ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз етеді.
Әскерлерді пәтерлерге орналастыру бас басқармасының бастығына мемлекеттік сатып алуды жоспарлауды жүзеге асыратын аудандық пайдалану бөлімдерінің бастықтарын ротациялауды ұдайы жүргізу ұсынылды. Қызмет бойынша лауазымды адамдардың туыстары арасындағы тәуелділікті жою да қарастырылды.
Сондай-ақ отырыста сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы жекелеген лауазымды тұлғалардың баяндамалары тыңдалды. Қараша айында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның өкілдерін тарта отырып, жергілікті әскери басқару органдарының қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізілетін болады.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Немецкие снайперы вооружились обновлёнными винтовками G22A2

Немецкие снайперы вооружились обновлёнными винтовками G22A2

Как определить местонахождение и расстояние до объекта

Как определить местонахождение и расстояние до объекта