21 қаңтар - ҚР ҚК Инженерлік әскерлер күні

Осы аптада Қорғаныс саласы үшін маңызға ие екі күн бар. Бірі Қазақстан Қарулы Күштері тәрбиешілерінің еншісіне бұйырған атаулы күн болса, екіншісі – инженерлік әскерлеріміздің төл мейрамы.

Сөз басы

 

Инженерлік әскерлердің құрылуына негіз болған 21 қаңтар күнтізбеде маңызға ие. Өйткені, инженерлік әскерлер басшылығы мен жеке құрамының қолдау хаты бойынша ҚР Қорғаныс Министрлігінің 1998 жылғы 21 қаңтардағы №8 бұйрығымен дәл осы күн инженерлік әскерлер күні боп бекітіледі және ол  дәстүрлі түрде аталып келеді.

Инженерлік әскерлер  – әскердің барлық түрлеріндегі соғыс қимылдары кезіндегі міндеттерді (бөгеттер жасау, қорғаныс шебін құру, өтпелер жасау және оларды жөндем қалпында ұстау, жолдар, көпірлер салу, т.б.) орындайтын арнаулы әскер саласының мамандары. Олар өздерінің міндеттеріне қарай жалпы (саперлер) және арнаулы (понтонды көпір салушылар, инженерлік құрылыс, бүркемелеу және т.б. жұмыстарын жүргізетін бөлімдер мен бөлімшелер) болып бөлінеді. Берілген міндеттерді мотоатқыштар, зымыран әскерлері, артиллерия, танк және тағы басқа әскер түрлерімен өзара қоян-қолтық араласып орындайды.

Айта кетейік, ұрыс кезінде олар инженерлік барлау жүргізеді, басқару пункттерін жабдықтайды, миналандырылған жерден өтуге жол салады және минасыздандырады, өткелдерді ретке келтіреді, қарсыластың ядролық шабуылының зардаптарын жоюға қатысады және т.б. міндеттерді орындайды.  

 

25 жыл бұрын құрылды

Тәуелсіз ел атанған тұста еліміздің аумағында әртүрлі инженерлік әскери бөлімдер бар болатын.  Міне,  Қазақстан аумағында орналасқан осы инженерлік бөлімдер ҚР Қарулы Күштері инженерлік әскерлерінің қалыптасуына түрткі болды. Сол кезде, 1993 жылы еліміздің аумағында инженерлік әскердің 12 жеке бөлімі болды. Олар КСРО Қорғаныс министрлігіне, Түркістан әскери округі штабына және 40-армия штабына бағынды. Сол кезде инженерлік әскерлердің оңтайлы құрамын анықтап, қайта құру қажет болды. Ол құрылымдық өзгертулер тәуелсіздік алған алғаш жылдармен тұспа-тұс келді. Осылайша, ҚР Қорғаныс министрлігінің ұйымдастырушылық штатының құрылымын құрған кезде Алматыдағы 40-армияның инженерлік бөлімі базасында 1992 жылдың қарашасында ҚР ҚМ Инженерлік басқармасы құрылды. Еліміздің аумағында орналасқан штабтарда инженерлік әскердің білікті мамандары бар болатын. Сол кезде инженерлік штаб бастығы – Солтүстік-Кавказ округінен келген подполковник Ж.Нұрахметов, жедел-тыңшылық бөлімін полковник А.Рязанцев басқарды. Сондай-ақ, Түркістан әскери округі штабынан полковник В.Теребов (қару-жарақтар бөлімінің бастығы),  Сирия Республикасынан полковник А.Чивилев және тағы басқа мамандар келді.

Сондай-ақ, кейін басқарманың бастығы тізгініне ие болған полковник Ж.Нұрахметов, генерал-майор М.Даиров, полковник А.Щербаковтар инженерлік әскер қызметінің дамуына едеуір үлестерін қосты.  

 

Маңызды мамандар

Бүгінде олар – ҚР Құрлық әскер құрамындағы арнайы әскерлер. Әскери істер ғылыми-техникалық прогреске байланысты қазіргі жағдайда арнайы әскерлердің маңызы өлшеусіз өсті. Құрлық әскерлерінің арнайы бөлімшелері мен бөлімдері терең және жан-жақты білімді әскерлері машық-дағдыны, тәртіптілікті, шыдамдылықты, білек күшін талап ететін қазіргі заманғы техникалармен жабдықталған. Олар қазір құрлық әскерлерінің ұрыс әрекетін және тіршілік әрекетін толығымен қамтамасыз етуде машықтанған мамандар.

Бірде бір әскери мәселе инженерлік қамтамасыз етусіз шешілмейді. Олар шабуылда әскерлердің жылжуын қамтамасыз етеді, жолдар салады, сулы тосқауылдан өтуді жабдықтайды, қарсыластарының бөгеттеріне өткелдер жасайды, минасыздандырады. Ал, қорғаныс кезінде инженерлік әскерлер қорғаныс шептерін тұрғызып, бөгеттер жасайды.

Бүгінгі таңда аталған әскерлерде 2 000-нан астам адам қызмет етеді. Әскери мамандардың құрамы Құрлық әскерлері Әскери институтының, 10228 әскери бөлімі базасындағы саперлік бригаданың түлектерімен толығып отырады.

Жалпы, инженерлік әскерлер еліміз Қарулы Күштерінде ерекше орын алады.

 

Міндеттері абыройлы

Қазіргі бейбіт кезеңде олар түрлі техника мен жұмыс істеу дағдыларын шыңдап, қару-жарақтың жаңа түрлерін зерделейді, қажет болған жағдайда табылған жауынгерлік снарядтарды жою, миналарды залалсыздандыру жөніндегі жұмыстарды атқарады.

Мәселен, инженерлік әскердің жеке құрамы 1994 жылы Алматы облысы, Талғар ауданындағы ауылдарды сел басу кезінде халыққа көмек көрсеткен.

1997 жылы Семейде орман өртке оранғанда да олар қапы қалмады. Ал, 1998 жылы Алматы облысы, Кеген ауданында қыстың қыраулы күнінде жол салып, жергілікті тұрғындардың ризашылығына бөленген. Айта кетейік, инженерлік әскерлері жеке құрамының кәсіби даярлығы Тоқырау ауылына іргелес жатқан аумақта өрттің және оқ-дәрілер сақтайтын қойманың жарылу салдарынан болған апатта сынға түсті. Олар аумақты жарылғыш заттардан тазартып, оны залалсыздандырып, көзін жойды. Осы тапсырманы орындағаны үшін инженерлік әскерлері жауынгерлік ордендермен және медальдармен марапатталды.

Сондай-ақ, бітімгершілік шеңберінде 2003-2008 жылдары Ирак Республикасының коалициялық күштер құрамына «Казбат» бітімгершілік батальоны инженерлік-саперлік тобының қызметкерлері жіберілді. Олардың міндеті – аумақтардағы жарылмай қалған оқ-дәрілерді іздеп, табу, көзін жою және суды тазалап, жергілікті халықты сумен қамтамасыз ету. Осы тапсырмаларды орындау барысында «Қазбат» бітімгершілік батальонының әскерилері 3 миллионнан астам жарылу қаупі бар заттардың көзін жойған.

 

Байқауда бақ сынады

Былтыр «Жағалау» оқу-жаттығу орталығының базасында Армия халықаралық ойындары шеңберінде ҚР Құрлық әскерлерінің инженерлік бөлімшелері арасында байқау өтті. «Қауіпсіз бағдар» және «Инженерлік формула» атты екі бағыт бойынша өткізілген сол шараға ҚР ҚК инженерлік әскерлерінің әскери қызметшілері алғаш рет қатысты.

«Қауіпсіз бағдар» – бұл техникада қозғалысты қамтамасыз ету жасағы құрамында инженерлік-саперлік бөлімшелердің сайысы. Саперлер байқау шеңберінде өткелді, миналық алаңды минасыздандыруды жүзеге асырды, әскерлерге арналған жол төседі. Әскери қызметші инженерлер танкіге қарсы ор арқылы көпір салды. Сайысқа шұңқырды көміп тастайтын жол төсегіш, орман үйіндісін тырнауышпен жинап алатын инженерлік қоршау машинасы тартылды. Байқау эстафетамен аяқталады.

Ал. «Инженерлік формула» қазаншұңқыр машинасының, жол төсегіштің, инженерлік қоршау машинасының, сондай-ақ жүзбелі транспортердің экипаждары тартылды. Техника экипаждары бағдар бойынша жүріп өтіп, барлық кедергілерді еңсерді.  Сайысқа «Батыс», «Шығыс», «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылықтарынан 7 команда және 58012 әскери бөлімінің жеке құрамы қатысты.

Жоспарлары да жоқ емес

«2017-2018 жылдары Құрлық әскерлеріне қарайтын әскерлерді заманауи құралдармен және техникалармен қайта жаб­дықтау жоспарланған. Бұл жер қа­затын инженерлік техника, мина жарғыш шептер орнату мен барлау жүргізу техникасы, фор­тификациялық жабдықтар, қорғаныс шептері, суды анықтау және тазартуды қамтамасыз ету құралдары», - ҚР ҚК ҚӘ ББ инженерлік әскерлер бастығы полковник Нұрлан Шаймахов.

Қазіргі уақытта Қазақстанның Құрлық әскерлерінің құрамында саперлік бригадалар, жеке бө­лім­шелер, сондай-ақ, жалпы әскери бригадаға қарасты инженерлік бөлімшелер бар. Оның ішіне 68665 әскери бөлімінің инженерлік-саперлік ротасы кіреді. Басқа да ин­женерлік бөлімшелер сияқты аталған рота да ҚР ҚК ірі жауынгерлік жаттығуларына қатысады. Инженерлер, қызметшілер мұн­да өз шеберліктерін шыңдап, тео­риялық және тәжірибелік білік­тіліктерін нығайтады. Әскери мамандардың құрамы Құрлық әскерлері Әскери инсти­тутының және жоғары оқу орын­дарының әскери кафедраларының түлек­терімен, 10228 әскери бөлімі кіші мамандарымен толығып отырады.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"