Инженер офицерлер дайындайтын оқу орны

Бүгінгі таңда Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты республикадағы радиобайланыс, әскери инженер офицерлер дайындайтын жетекші әрі негізгі әскери оқу орны. Болашақта офицер боламын деген «Мәңгілік елдің» жастары ел қызметіне жарайтын азамат болсам деген асыл арманның жетегімен осы оқу орнына келіп, құжаттарын тапсырып, бақтарын сынайды.

Аталмыш ӘЖОО-на жыл сайын 200-ге жуық курсанттар қабылданады. Институт бастығы полковник А.Мұстабеков: «Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтына жыл сайын өте көп талапкерлер құжат тапсырады. Олардың білім көрсеткіштерімен қатар физикалық күш-қуаты мығым, психологиялық-моральдық тұрғыдан ұстамды, өзіне сенімді, жігерлі, әлеуеті жоғары, сайдың тасындай іріктелген талапкерлер ғана курсант болып қабылданады» деп әскери жоғары оқу орнына қабылданатын талапкерлердің рухани, тәни болмысына ерекше мән берілетінін әрдайым тілге тиек етіп отырады.

Оқуға қабылдау үдерісі әскери оқу орнының оқу-жаттығу полигон кешенінде өтеді. Оқу-жаттығу полигонының бастығы подполковник А.Маукебай әскери қызметшілер мен аталмыш оқу полигонының биылғы жылға талапкерлерді қабылдауға сақадай сай екендігін айтып өткен еді. Талапкерлер әскери жоғары оқу орнына қабылдану үшін бірнеше деңгейден тұратын сынақтардан өтуі тиіс. Атап айтар болсақ: психологиялық тест, дене тәрбиесі бойынша белгіленген нормативтер тапсыру, медициналық тексеруден өту, ең соңында арнайы құрылған мандаттық комиссия мүшелерімен сұхбаттасу тәрізді сынақтардан өтеді. Осындай сынақтардан сүрінбей өткен талапкерлер әскери оқу орнының курсанттары болып қабылданады. ӘЖОО-ның оқу мерзімі – бес жыл. Оқу орнын бітірген түлектерге «лейтенант» әскери шені беріледі. 2016-2017 оқу жылдарынан бастап әскери оқу орны кредиттік оқыту технологиясы жүйесіне көшірілді. Институтта сабақтар өткізу жүйесі қазіргі білім беру үдерісіне сай қажетті оқу-материалдық базамен қамтамасыз етілген. Заманауи құрал-жабдықтармен қамтылған оқу-әдістемелік дәрісханалар, зертханалар бар. Курсанттардың физикалық әлеуетін арттырып, салауатты өмір салтын сақтау мақсатында институтта әрдайым спорттық сабақтар, жарыстар өткізіліп, спорттық орталықтар жүйелі жұмыс істейді. Сонымен қатар институтта «Көңілді тапқырлар алаңы», «Патриот» дебат клубы, «Бес қару», «Сұңқар» клубтары, «Алдаспан» әдеби-шығармашылық үйірмесі жұмыс істейтінін мақтаныш сезіммен айтып өткеніміз абзал.

Оқыту мен тәрбиелеу үдерісінде жоғары теориялық және әдіскерлік білімдері мен әскери тәжірибесі бар профессорлық-оқытушылық құрам белсенді қызмет атқарады. Курсанттардың алаңсыз білім алып, сапалы білім алу үшін институтта жақсы әлеуметтік-тұрмыстық шаралар құрылған.

Әскери жоғары оқу орнының негізгі міндеті – әскери радиотехника; радиобайланыс пен зенитті ракеталық әскерлердің қондырғыларын жөндеу; зенитті ракеталық әскерлердің бөлімдері мен бөлімшелерінің радиотехникасы; радиотехникалық әскерлердің бөлімдері мен бөлімшелерінің радиотехникасы; ҚР ҚК автоматты басқару жүйелерінің инженері мамандықтары бойынша білікті, кәсіби офицерлерін дайындау. Сондықтан аталмыш оқу ордасына сұраныс өте жоғары, түсемін деп ниет білдірушілердің саны өте көп. Бұл әскери жоғары оқу орнын тәмамдаған офицерлер қазіргі таңда тәуелсіз еліміздің түпкір-түпкірінде ел игілігі жолында жемісті еңбек етіп, толағай табыстарға жетуде. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әлеуеті осындай білімді әрі білікті, бәсекеге қабілетті жастар арқылы өз көкжиегін кеңейтіп, «Мәңгілік ел» идеясы аясында тағылымды табыстарға қол жеткізуде.

Елбасы – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың: «Патриот болу – бұл Қазақстанды өз жүрегіңде ұялату» деген пікірінің маңыздылығы тым тереңде жатыр. Бүгінде жастардың санасына қазақстандық патриотизм идеясын сіңіру – әрбір отбасының, балабақша, мектеп, арнаулы және жоғары оқу орнының алдында тұрған келелі міндеттердің бірі. Осы орайда Отанымызға, елдік мәселесіне, өз жеріне, оның тарихына, мәдениетіне, онда тұратын халыққа және мемлекеттік нышандарына деген тұлғалық қарым-қатынасты қалыптастырып, оның жауапкершілігін азамат ретінде сезіндіруге, ерлік, елдік, отансүйгіштік рухта тәрбиелеуде республикадағы Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының атқарар қызметі орасан зор.

Табысты ел болуда «Мәңгілік ел» идеясын басшылыққа алып, ел бірлігі мен қазақстандық патриотизмді кеңінен насихаттап, бәсекеге қабілетті, білімді де білікті тұлғалар даярлаудағы Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтына жарқын болашақ, білімді де парасатты мамандардың алтын ордасы болуын тілейміз!

 

Әділет капитаны Дінмұхаммет Бегулиев


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"