Халықаралық тілдің қазақ армиясында алатын орны

Халықаралық тілдің қазақ армиясында алатын орны

Қазіргі таңда әлемнің саяси картасында көпұлтты және көптілді мемлекеттер өте көп. Әлемдегі саяси жағдайларда, халықаралық қатынастарда, әскери салада және әскери келісімшарттарда тіл білу өте маңызды орын алады. Сондықтан да  қазіргі таңда лингвистиканың концепсиясы әр түрлі тілді оқып-білуді ұсынып отыр. Бұл қазіргі жаһандану кезеңіндегі күн тәртібінде тұрған негізгі мәселелердің бірі. Біз одан сырт айналып өте алмаймыз.

Ұлтаралық қатынастарда қолданылған француз және неміс тілдерінің орнына ХХ ғасырдың II-ші жартысында ағылшын тілі келді. Ағылшын тілі ғаламтор мен компьютер технологиясының негізіне айналды. Қазіргі кезде әлемдегі барлық компьютерлердің жадындағы ақпараттың 80%-ы ағылшын тілінде сақталған.

Күн санап ағылшын тілінің мәртебесі артып келеді. Тіл білгеннің арқасында кітап, газет-журналдар оқуға, ғаламторда шетелдік сайттардан мақалалар оқуға, сондай-ақ шетел азаматтарымен емін-еркін қарым-қатынас жасауға болады. Өзге ұлттың тілі мен мәдениетін білу – екі ұлттың арасындағы бірлік пен татулықты нығайттудың алтын көпірі болмақ. Сондықтан да, ағылшын тілін оқып-үйрену біз үшін, болашақ әскери іс саласының мамандары үшін өте маңызды деп білеміз.

Демек, ағылшын тілін білу әрбір әскери адамға қажет қару сияқты және де ағылшын тілі еліміздің барлық әскери жоғары оқу орындарында оқытылуда. Еліміздің әскери жоғары оқу орындарының мақсаты – Отанына адал, жоғары білімді және білікті, әскери іс-қимылдар жүргізе алатын болашақ офицерлер дайындау. Ендеше, болашақ  офицер тек әскери бағытта білім алып қоймай, сонымен қатар қазіргі әлем картинасын да түсіне білуі керек.

Біздің институтымыз РЭжБӘИИ радиоэлектроника және байланыс саласындағы болашақ офицерлерді дайындап шығаруды мақсат етеді. Институт қабырғасындағы курсанттар ағылшын тілінен қосымша сабақтарда арнайы термин сөздерді, келіссөз жүргізуді және іс-қағаздармен жұмыс істеуді үйренуде. Институттың мақсаты болашақ мамандарды радиоэлектроника және байланыс саласында кәсіби тұрғыда оқыта отырып, өз ойларын ағылшын тілінде еркін жеткізе білу. Осы орайда институт оқытушылары әрдайым курсанттарға пайдалы әрі қызықты түрлі оқу-әдістемелік құралдар шығарып, ашық, тәжірибе сабақтары жиі өткізіліп тұрады. Мәселен, «Шет тілдер» кафедрасының оқытушысы Кусайынова А.К., және «РбжРн» кафедрасының аға оқытушысы подполковник Арсеньев В.В. «Мемлекеттік тіл» кафедрасының доценті, филол.ғ.к., Мұхамадиев Д.Б, оқытушы Рысбекова Г.Ж. «Радиобайланыс және радионавигация» мамандығы терминдерінің үш тілдегі сөздігін шығару мақсатында жұмыла еңбек етуде. Бұл сөздік біздің оқу тобымызға үлкен пайдасын тигізбек деген ойдамыз. Себебі, біздің 243 оқу тобы «Радиобайланыс және радионавигация» мамындығы бойынша білім алуда. Сөздік біздің үш тілде сапалы білім алуымызға үлкен әсерін тигізеді деген үміттеміз.

Қазіргі таңда көптеген мемлекеттердің Қарлулы Күштері бірлесіп халықаралық деңгейде оқу-жаттығулар ұйымдастырып, әлемнің қауіпті аймақтарында бірлескен операциларға қатысып жүргеніне куә болып жүрміз. Ол жайында БАҚ-да айтылып та жазылып та жүр. Мәселен, жыл сайын ұйымдастырылатын «Танк Биатлоны», «СADEX» көрмесі жоғарыда айтылған сөзіміздің бірден-бір дәлелі бола алады. Осындай ұйымдасқан іс-шараларға қатысушы сарбаздардың ортақ бір тілде сөйлесіп, қарым-қатынас жасайтыны ақиқат. БҰҰ-ның бұйрығымен әлемнің қауіпті аймақтарында бейбіт өмір орнатуға ұйым қатарындағы мемлекеттерден әскери қызметшілер жіберуін талап етеді. Осындай қауіпті операцияларда түрлі мемлекеттерден келген әскери қызметшілер бір-бірлерін түсінбеуі  ортақ мақсатқа жұмылып, соған жетуіне кедергі болатыны анық. Осындай мәселелердің алдын алу үшін халықаралық тіл ағылшын тілін білудің маңызы ерекше деп санаймыз.

Қорытындылай келе, осының барлығы әскери адамдардың ағылшын тілін білуі қажет екендігін білдіреді. Сондықтан да ағылшын тілін білетін әскери қызметшілер біздің армиямызда үлкен орын алады деп білеміз.

 

Ақбота Құсайынова



Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

Итоги боевой подготовки за 2016 учебный год: в цифрах и фактах

Итоги боевой подготовки за 2016 учебный год: в цифрах и фактах