Халықаралық гуманитарлық құқық және кибер операцияларды реттеу мәселелері

Нұр-Сұлтан қаласында «Қарулы қақтығыстар кезінде кибероперацияларды пайдалану: ықтимал адам шығыны және халықаралық құқықтық база» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өтті.

Іс – шараны ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы атындағы ҚР Ұлттық қорғаныс университеті Халықаралық Қызыл Крест комитетімен бірлесіп ұйымдастырды.
Отырысқа ҚР Қорғаныс министрлігінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Сыртқы істер министрлігінің, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің өкілдері, Ұлттық қорғаныс университетінің профессор-оқытушылар құрамы мен магистранттары қатысты. Дөңгелек үстел жұмысына заманауи байланыс құралдарының көмегімен Халықаралық Қызыл Крест комитетінің құрылымдық бөлімшелері, сондай-ақ осы халықаралық ұйымның Женева, Мәскеу, Ташкент және Нұр-Сұлтандағы ресми өкілдіктерінің сарапшылары қосылды.
Соңғы жылдары қарулы қақтығыстарда кибер операцияларды қолдану шындыққа айналды. Бұл ретте кибернетикалық құралдар мен соғыс жүргізу әдістерін пайдалану халықаралық гуманитарлық құқық нормаларымен реттелмейді. Әлем сумен жабдықтау жүйелерінен бастап ядролық нысандарға дейінгі инфрақұрылымның маңызды элементтеріне жасалған кибершабуылдардың куәсі болды.
Отырысқа қатысушылар бұл мәселеде консенсусқа қол жеткізу қажеттігіне ортақ мүдделілік танытты.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"