Қазақстанның намысын халықаралық байқауда 4 әскери қызметші қорғайды

Қазақстан Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері «Достастық жауынгері» достастық армиялары әскери қызметшілері әскери-кәсіби шеберлігінің VIII халықаралық байқауына қатысу үшін Ресей Федерациясына аттанды.

4 әскери қызметші Қазақстан Қарулы Күштерінің намысын қорғауда. Олар: аға сержант  Р. Сатжанов, сержант О. Ермеков, кіші сержант Т. Тілегенов пен кіші сержант Л. Губарева. Командамыздың қатысушыларының бірқатар жетістіктері бар екенін айта кетейік. Кіші сержант Л. Губарева биатлоннан спорт шебері, Қазақстанның чемпионы, жазғы биатлонда континентальді біріншіліктің жеңімпазы, әлем чемпионатына қатысушы, ҚР Қарулы Күштері арасында Президенттік көпсайыста бірінші орын иегері болып табылады.
Аға сержант Рустам Сатжановпен бірге олар былтырғы жылы өткен «Достастық жауынгері» халықаралық байқауына қатысты. Онда абсолюттік жеңімпаз атанды. Халықаралық байқауға аттану үшін сержанттар Қазақстан Қарулы Күштері бойынша жалпыәскери кезеңнен өтті. Ол үшін ең алдымен өңірлік қолбасшылық пен әскер тектері ауқымында өткізілген байқау жеңімпаздары санынан 3 команда таңдалды. Іріктелген үміткерлер бір ай ішінде байқау бағдарламасы бойынша практикалық дайындықтан өтті.
Шешуші іріктеуден кейін бір-ақ команда қалды. Дәл сол команда Ресей Федерациясына жөнелтілді. «Достастық жауынгері» - сержанттар мен сарбаздар лауазымдарында келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеріп жатқан әскери қызметшілердің сайысы.

Сайыстың негізгі мақсаттары мен міндеттері әскери қызметшілердің дене даярлығының деңгейін арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау, жеке құрамның жеңіске деген ұмтылысын, жоғары физикалық жүктемелер мен жүйке-психикалық шиеленіске төтеп беру қабілеттілігіне тәрбиелеу, әскери қызметшілерді жоғары кәсіби және мемлекеттік даярлыққа ынталандыру болып табылады. Байқау дәстүрлі түрде бес кезеңнен тұрады. Онда қатысушылар дене дайындықтары мен ептіліктерін, кәсіби шеберліктерін, оқ ату даярлығын, сондай-ақ, әскери тарихты білуі мен шығармашылық дарындылықтарын көрсетуі тиіс. 

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"