Халықаралық армия ойындарындағы негізгі сайыстар

Жыл сайын Ресей Федерациясында өтетін Халықаралық армия ойындарының басталуына санаулы күндер қалды. Байрақты әскери бәсекенің беделі ТМД жұртшылығына белгілі. Ең бастысы, бұл додада қазақстандық әскери қызметшілер өздерінің біліктілік қабілетін мойындатып келеді. Біздің Қарулы Күштеріміз, әсіресе, «Танк биатлоны» мен «Авиадартс» әуе сайысында қарсыластарынан оза шауып, жоғары нәтижеге қол жеткізіп келеді. Бүгін біз осы екі сайысқа кеңірек тоқталуды жөн көрдік...

«Авиадартс» аламаны

«Авиадартс» сайысы байқаудағы айрықша аталымдардың қатарына жатады. Ұшу экипаждарының халықаралық жарысы 1-12 тамыз аралығында өтеді. Рязань облысына қарасты «Дубровичи» полигонында болатын әуе «шайқасына» 7 мемлекеттің – Қазақстан, Ресей, Қытай, Венесуела, Беларусь, Әзірбайжан, Пәкістан ұшқыштары қатысады. Команда құрамы 103 адамға дейін болатын бұл жарыста «Су-25СМ», «Су-25», «МиГ-29СмТ», «Су-27 СМ», «Су-27,Су-24», «Су-34», «Ка-52», «Ми-24», «Ми-28Н», «Ми-8МТ», «Ми-8МТВ5», «Ил-76Мд», «Ту-22м3» техникалары бақ сынайды. Еліміздің Әскери-әуе күштерінің үздік ұшқыштары ұшу экипаждарының халықаралық байқауына екінші рет қатысқалы отыр. Дүбірлі додаға ұшқыштан (экипаж командирінен) бастап буын (жасақ) командиріне дейінгі лауазымдардағы, біліктілік дәрежесі 3-сыныптан төмен емес ұшқыштар ғана қатыса алады. Біздің әуе қырандарымыз бұл тартысты байқауға 2015 жылы алғаш рет қатысып, жалпыкомандалық есепте екінші орынды иеленген болатын. ӘӘК-нің қолбасшысы, авиация генерал-майоры Дәурен Қосановтың айтуынша, қазақстандық командада жеңіске жету үшін барлық мүмкіндік бар.  

Әрбір команда өздерінің әуе кемелерінде өнер көрсетеді. Екеуі - негізгі және біреуі резервтік. Байқауды өткізу бағдарламасы үш кезеңді қамтиды. Бағдар бойынша ұшу, көзбен шолып әуе барлауын жүргізу, пилотаждау техникасы; жерүсті нысана бойынша жауынгерлік қолдану, сондай-ақ үшінші кезең - спорттық. Байқауға дайындалу және оны өткізу жөніндегі жалпы жетекшілікке алуды Ресей Федерациясы Әуе-ғарыштық күштерінің Бас қолбасшылығы жүзеге асырады.

Өткен жылы бұл сайысқа Қазақстан, Ресей, Беларусь пен Қытайдың төрт мемлекетінен 104 ұшақ пен тікұшақта 57 команда қатысқан болатын. Жалпы есепте бірінші орында Ресейдің ұшқыштары, екінші орында Қазақстан, үшінші орынға Қытай тұрақтады.
Бүгінде көліктік-жауынгерлік тікұшақтардың экипаждары Ресейдегі Дубровичи полигонына ұшып барып, жаттығуларға кірісіп кетті. Бұл байқауда Қазақстанның намысын қорғайтын ұшқыштар – капитан Григорий Кондратюк, Әділ Ысқақов, Азат Абдуллин және Владимир Железнов – «Авиадартсқа» екінші мәрте қатысқалы отыр. Олар қарсыластардың сайысуы мен мүмкіндіктері туралы хабардар.

Осы орайда айта кетер жайт, «Авиадартстың» бағдарламасы өте ауқымды. Яғни, пилотаждау, навигация техникасына ұшақтар мен тікұшақтардың экипаждарына арналған ұшу тапсырмалары, көзбен шолып әуеден барлау бағдарлары, сондай-ақ, жерүсті нысаналар бойынша жауынгерлік қолдану.   Барлық ұшулар қарапайым метеорологиялық жағдайларда орындалады. Байқау соңында ұшқыштар шыдамдылық пен шапшаңдылық бойынша дене даярлығы тұрғысында сайысқа түседі.

 

Танк биатлоны

Халықаралық армия ойындарындағы негізгі сайыстардың бірі – «Танк биатлоны». Танк экипаждары арасында өтетін әскери-далалық жарыс Мәскеу облысына қарасты «Алабино» палигонында ұйымдастырылады. Оған 17 ел қатысады. Атап айтсақ, Қазақстан, Ресей, Қытай, Венесуела, Ангола, Беларусь, Иран, Әзірбайжан, Зимбабве, Армения, Моңғолия, Үндістан, Сербия, Кувейт, Қырғызстан, Никарагуа, Тәжікстан. Команда құрамы 24 адамнан тұратын «Т-72Б3» танктерінің додасы жеке жарыстан және эстафетадан тұрады.

Алғашқы кездері Ресей Федерациясы Қарулы Күштерінің өз ішінде ғана ұйымдастырылатын шара кейін келе алдымен ТМД мемлекеттеріне танылды. Оған өткен ғасырда одақтас болған өзге мемлекеттермен қатар, Қазақстан да атсалысқанын біршамамыз білеміз. Айталық, үш жыл бұрынғы «Танк биатлоны» чемпионатында жерлестеріміз 12 елдің танкішілерімен бақ сынасып, кәсіби шеберліктерін, жауынгерлік машықтары мен командамыздың тұтастығын көрсеткен. Биылғы жарысқа еліміздің Қарулы Күштері бойынша үш экипаж құрамында 10810 әскери бөлімінің танкішілері өнер көрсетеді. Енді бірінің құрамында «Астана», «Оңтүстік» және «Батыс» өңірлік қолбасшылықтарының әскери қызметшілері бар. Төрт танк экипажынан тұратын біздің команда сайыс шарттарына сәйкес жауынгерлік көлікті жүргізу және әр түрлі қашықтықтардағы нысаналарды жою бойынша мергендіктерін дәлелдейді. Ал өткен жылы қатысушылардың саны жағынан армиялық ойындардың ең ірі жарысы «Танк биатлонында» қазақстандық танкішілер Ресей, Қытай, Үндістан, Ангола, Венесуэла, Кувейт, Монғолия, Никарагуа, Армения, Сербия, Тәжікстан және Қырғызстанның танкті экипаждарымен сайысқан. Байқаудың «Эстафета» деп аталатын алғашқы бөлігінде ресейлік экипаждар 73 минут 30 секунд нәтиже көрсетіп бірінші орынды жеңіп алса, екінші орынды 77 минут 32 секунд нәтижемен қытайдың танкистері иеленді, үшінші болып 78 минут 18 секунд нәтижеде жарыс көрсеткен Қазақстанның танк экипаждары және төртінші орынды межелі жерге 83 минут 23 секундта жеткен сербтік әскери қызметшілер еншілеген еді. Ал, жеке жарыстан еліміздің командасы жақсы нәтиже көрсетіп, жалпы есепте  екінші орын иеленген болатын.

Десе де, әр жыл сайын сайыстың шарттары көбейіп, күрделеніп келеді. Соны есепке алса керек,  биыл қытайлықтар арнайы тапсырыспен жасалған жеке танктерімен келіпті. Қытайдың NORINCO әскери коропорациясы осы сайысқа арналған Т-96B танкісін жасап шығарыпты. Ал, қалған елдер Ресей ұсынған броньды техникалармен сайысқа түспек. Дегенмен, біздің Қарулы Күштеріміз, әсіресе, «Танк биатлоны» мен «Авиадартс» әуе сайысында қарсыластарын қаймықтырудан шаршаған емес. Тіпті, бәсекелестеріміз санаулы десек, қателеспейміз. Алдағы ауқымды байқауда еліміздің командасына тек қана жеңіс тілейміз!


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"