Жұмыс орындарының тұрақтылығы мен сақталуы басымдықта

ҚР Қорғаныс министрлігінің басшылығы жұмыс орындары мен әлеуметтік кепілдіктерді сақтау міндеттерін шеше отырып, әскери инфрақұрылым объектілерін күтіп-ұстау мен оларға қызмет көрсетуді бақылауды қамтамасыз етеді.

ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Мұхамеджан Таласовтың «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы гарнизондарына жасаған тексерісі барысында гарнизондық және басқа да мамандандырылған әскери объектілердің инфрақұрылымын күтіп ұстау және қамтамасыздандыру міндеттері жүктелген Жамбыл аудандық пайдалану бөлімінің (АПБ) жөндеу-құрылыс буынының қайта қабылданған жұмысшыларымен кездесуі өтті. Бұрын олар әскери нысандарды жөндеу және салу, әскери тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты пайдалану жүйесіндегі жұмыстар туралы шарттар негізінде қызмет көрсететін жеке ұйымдардың штатында болған.
Сонымен бірге, осы мердігерлік ұйымдардың жекелеген басшыларының өз міндеттеріне жауапсыз қарауы шарттық міндеттемелері мен белгіленген мерзімдерді бұзуға әкелді. Бұл әскери ведомствоның жұмыс жоспарларына, сондай-ақ мемлекет бөлген ақшалай қаражатты игеру көлемінің төмендеуіне әкелді. Осыған байланысты жалақы, әлеуметтік және зейнетақы аударымдарын төлеуді кешіктірген қарапайым жұмысшылар зардап шекті.
- Бұрынғы жұмыс орны жалақы төлемей бірталай қиындықтар туғызғанын білеміз. Бірақ Қорғаныс министрлігі сіздерді бұндай жағдайда қалдырмады, - деп сендірді Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Мұхамеджан Таласов. – Енді сіздер аудандық пайдалану бөлімінің штатындасыздар және барлық әлеуметтік кепілдіктермен және құқықтармен қамсыздандырылып, тұрақты жалақы берілетін лауазымдар атқарасыздар.
Тараз, Луговой және Гвардейск гарнизондарында әскери объектілерді күтіп ұстау және оларға қызмет көрсету жөніндегі функцияларды қайтару нәтижесінде қайта құрылған еңбек ұжымдарымен кездесулер өтті. Бұрын барлық қажетті жұмыстарды тікелей жүзеге асырған құрылысшылар мен жөндеушілер енді штатқа қабылданып, ҚР Қарулы Күштерінің азаматтық персонал құрамына енді.
– Жоғарғы Бас қолбасшы, ҚР Қорғаныс министрі деңгейінде әскери инфрақұрылымды күтіп ұстауды жетілдіру мәселелеріне, сондай-ақ әскери объектілерді жөндеу, салу қарқынының және көлемінің өсуіне айтарлықтай көңіл бөлінетінін ескере отырып, 2021 жылдың басынан бастап қазақстандық әскерге мемлекеттік құрылымға тиісті функцияларды бере отырып, тұрақты білікті жұмыс персоналымен қамтамасыз ету жөнінде шешім қабылданды, - деп атап өтті ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Мұхамеджан Таласов.
Оның айтуынша, Қарулы Күштер құрамында жөндеу жөніндегі мамандандырылған бөлімшелердің құрылуы жұмыс сапасына оң әсер етіп, кез-келген оқиғаға жедел ден қоюға мүмкіндік береді, сондай-ақ әскери объектілерде өнеркәсіптік және өзге де қауіпсіздік режимінің сақталуын қамтамасыз етпек. Сонымен қатар өткен жылы жағымсыз салдарларға алып келген тәуекелдерді барынша азайтуы тиіс.
Инспекция барысында «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы гарнизондарына қарайтын әскери бөлімдердің объектілеріне тексеру жүргізілді. Олардың әскери инфрақұрылымының жұмыс істеу мәселелері зерделеніп, жедел шешуді талап ететін тылдық қамтамасыз етудің басым міндеттері белгіленді.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"