Жоғары медицинадық жоғары оқу орындарының түлектері әрі қарай қызмет өткеру үшін келді

Медициналық қызметтің білікті офицерлері ҚР Қарулы Күштері Құрлық әскерлеріне қарасты «Батыс» өңірлік қолбасшылығының қатарын толықтырды.

Еліміздің әскери-оқытылған резервісі есебінен Қазақстан Қарулы Күштерінің қатарына тиісті білімдері бар жоғары білікті дәрігер мамандар келуде. «Батыс» өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдеріне келген офицерлер жоғары медициналық білім беру мекемелері жанындағы әскери кафедрлаларда білім алды. Оларды сапалы түрде сапқа тұрғызу және оларға Ақтөбе қаласындағы 86717 әскери бөлімінің базасында әдістемелік және практикалық көмек көрсету үшін офицерлермен үш күндік оқу-әдістемелік жиын өтуде. Жиын барысында медициналық қызметтің, әскери емдеу мекемесінің күнделікті тыныс-тіршілігінің, санитарлық-гигиеналық және эпидемияға қарсы, сондай-ақ емдеу-көшіру шараларының ұйымдастырылуы жөнінде сабақтар өткізілді.
«Қазіргі кезде мен Маңғыстау облысының Бейнеу ауылында қызмет атқарып жатырмын. Алғашында үйреншіксіз болды. Себебі, Түркия мен Қазақстанның медициналық оқыту жүйесі анағұрлым ерекшеленеді. Алайда, бұған қарамастан, медицинаның жалпы мәні Гиппократтың антын қабылдаған барша үшін бірдей болып қала береді. Менің ойымша, жиын аяқталғаннан кейін қызметіміз өрге домалап, осы үш күнде алған біліміміз бен әдісіміз маңызды рөлге ие болады», - дейді «Гюльхане» Түрік әскери-медициналық академиясының түлегі медициналық қызметінің лейтенанты Ерлан Жұмагелдиев.
Әскери дәрігерлердің жұмысы ҚР Қарулы Күштерін медициналық қамтамасыз етудің басты іргетасы болып табылатынын айта кету қажет. Олар санитарлық-гигиеналық қадағалауды орындайды, емдеу-алдын алу жұмыстарын жүзеге асырады, эпидемияға қарсы шараларды жүргізеді, медициналық жабдықталымды бақылайды, медициналық тексерулерге жетекшілік жүргізеді.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"