Жобалық менеджмент: нәтижеге қол жеткізу

Қорғаныс министрлігінде «Қазақстан әскерін жаңғырту» Ұлттық жобасын іске асыру жөніндегі жобалық кеңсе құру мәселелері талқыланды.

Аталған кеңес Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қарулы Күштердің Бас штаб бастығы Мұрат Бектановтың басшылығымен өтті. Оған Қорғаныс министрінің орынбасарлары, оның кеңесшілері мен құрылымдық бөлімшелердің бастықтары қатысты.
Жобалық кеңсені құру бойынша жұмыс Үкіметтің кеңейтілген отырысында Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың берген тапсырмасы негізінде жүргізілуде.
        Қорғаныс ведомствосында өткен кеңесте Ұлттық жобаларды іске асыру мониторингі бойынша кеңсе басшысы Арман Евниев сөз сөйледі. Ол жобалық қызметтің өзара әрекеттесуі мен үйлестірілуін қамтамасыз ететін әдістер, құралдар және стандарттар туралы айтты. Ол жобалық қызметтің өзара іс-әрекеті мен үйлестірілуін қамтамасыз ететін әдістер, құралдар және стандарттар туралы айтты.
    Жаңа құрылымды ұйымдастыру қазіргі заманғы технологияларға негізделген мемлекеттік басқарудың қызмет көрсету үлгісін енгізуге мүмкіндік береді. Жобалық кеңсенің жұмысында жобалық менеджменттің үздік құралдары, әдістері мен стандарттары пайдаланылатын болады.
Қазіргі уақытта Қарулы Күштерді технологиялық жетілдіруге бағытталған «Қазақстан армиясын жаңғырту» ұлттық жобасын іске асыру үшін жұмыс тобы құрылуда.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"