Ғалымдар еліміздің әскери тарихының өзекті мәселелерін талқылады

Ұлттық әскери-патриоттық орталықта Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери-тарихи музейінің 5 жылдығына арналған «Қазақстан әскери тарихының өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн-конференция өтті.

Онлайн-форматта өткен іс-шарада қатысушылар әскери тарихты зерделеу және фашизмді жалпы жеңудегі тарихи үлес салмағын, әскери-патриоттық тәрбие мен мұражайтанудың өзекті мәселелерін талқылады.
Іс-шараға жетекші ғылыми ұйымдардың, жоғары оқу орындарының, мұражайлардың қызметкерлері, сондай-ақ Қазақстан мен шет елдердің ғалымдары, оның ішінде Ресей Қарулы Күштері Орталық музейінің, «Брест батыр бекінісі» мемориалдық кешенінің, Беларусь мемлекеттік Ұлы Отан соғысы тарихы мұражайының, Ресей Ғылым академиясы Сібір бөлімшесінің археология және этнография институтының, Новосибирск мемлекеттік университетінің, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің, Қазақстан Республикасы әскери ғылымдар академиясының, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің, С.Нұрмағамбетов атындағы республикалық «Жас Ұлан» мектебінің өкілдері қатысты.
Іс-шараның мақсаты – Қазақстанның әскери тарихы негізінде заманауи зерттеулер мен материалдарды ғылыми айналымға енгізу болды.
Сондай-ақ конференцияда «Ұлы дала.Жошы Хан», «Қазақстан әскери ғалымдарының 100 есімі» кітаптары таныстырылды.
Конференция материалдары әскери-тарихи кітапханада танысуға болатын электронды жинақта жарияланбақ.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"