Жергілікті әскери басқару органдарына – 101 жыл

2019 жылғы 8 сәуірде әскери комиссариаттар, яғни, қазіргі ҚР жергілікті әскери басқару органдарының құрылғанына 101 жыл толды.  

 Жергілікті әскери басқару органдары Қарулы Күштердің ажырамас бөлігі болып табылады және еліміздің қорғаныс қабілетін қамтамасыз ету жүйесінде маңызды рөлге ие. Қорғаныс істері жөніндегі бөлімшелер мемлекеттік қызметтер көрсете отырып, бүкіл республика бойынша облыстарда, қалалар мен аудандық орталықтарда «қоғамдық қабылдау бөлімі» функциясын атқарады. Қазіргі уақытта жергілікті әскери басқару органдарына олардың уақтылы әрі сапалы орындауларына Қарулы Күштердің жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігі байланысты тапсырмалар жүктелген. Атап айтсақ, жастарды әскери қызметке дайындау, жұмылдыру адами және көлік ресрустарын есепке алу, азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және өткізу, әскери-патриоттық тәрбие беруді нығайту. Бүгінгі таңда Қорғаныс министрлігінің басшылығы жергілікті әскери басқару органдарының тиімді қызметі үшін заңнамалық және ведомстволық деңгейде барлық қажетті нормалар әзірледі, сондай-ақ жедел түрде өзгерістер мен толықтырулар енгізілуде.
Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"