Жергілікті әскери басқару органдары – Қорғаныс министрлігінің қоғамдық қабылдау орны

8 сәуір – жергілікті әскери басқару органдарының тарихында есте қаларлық күн. Бұл күні 1918 жылы алғашқы әскери комиссариаттар құрылып, Қазақстанның тәуелсіздік жылдарында олар қайта Қорғаныс істері жөніндегі департаменттер, басқармалар мен бөлімдер болып өзгертілді.

Қазіргі уақытта еліміздің барлық өңіріндегі жергілікті әскери басқару органдарына 200-ден астам бөлімше кіреді. Атап айтсақ, 17 департамент, 30 басқарма мен 165 қорғаныс істері жөніндегі бөлім. Олардың негізгі мақсаты – Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдары, әскери оқу орындарын жас толымдармен жасақтау және жұмылдыру даярлығын қолдау, әскерге шақырылушылар арасында әскери-патриоттық  жұмыстарды ұйымдастыру, сондай-ақ жастарды әскери қызметке даярлау.
Тәуелсіздік жылдарында 676 мыңнан астам азамат мерзімді әскери қызметке шақырылды, әскери оқу орындарында білім алу үшін 42 мыңнан астам курсант іріктелді. Әскери - техникалық мектептің филиалдарында Қарулы күштер үшін 175 мыңға жуық маман даярланды. Оқу-жаттығу жиындарына 31 494 әскери міндетті қатысты.
Қорғаныс министрлігі көрсететін 15 мемлекеттік қызметтің 10-ын жергілікті әскери басқару органдары көрсетеді. Олардың барлығы цифрландырылған, сонымен қатар электронды үкімет немесе халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы жүзеге асырылады.
Бүгінде жергілікті әскери басқару органдары Қорғаныс министрлігінің қоғамдық қабылдау орны болып саналады. Бұл жерде азаматтар Қарулы Күштер мен әскери қызмет туралы алғашқы мәліметті біледі.
Әскердің жұртшылыққа ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында әрбір қорғаныс істері жөніндегі департаментте  «Қарулы Куштер - адалдық аланы» жобалық кеңсесі құрылды. Онда халықты толғандыратын барлық мәселелер бойынша толық ақпарат алуға болады.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"