Жеңіспен оралды


Жуырда Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының курсанттарынан құрылған «Байланыс жігіттері» көңілді тапқырлар клубының КВН командасы кезекті сайыстан жеңіспен оралды.

Атап айтсақ, 2018 жылдың 17-18 қазан аралығында Шымкент қаласында өткізілген Республикалық «Jaidarman» Ашық лигасының ½ кезеңінде 12 команданың арасында 1 орынмен финалға жолдама алды.

Бұл «Байланыс жігіттері» көңілді тапқырлар клубының алғашқы жетістігі емес. Бұған дейін де 2017 жылы Астана қаласында өткізілген арнайы жоба «Сарбаздар» кубогының жеңімпазы және 2017 жылы Алматы қаласында өткізілген Республикалық «Jaidarman» Ашық лигасының финалистері атанған. Сондай-ақ осы жылы Алматы қаласының Республикалық «Jaidarman Премьер» лигасына қатысқан болатын.

Міне, отан қорғаушылар бейбіт заманда өздерін басқа қырларынан таныта отырып, тағы бір жетістікке жетіп отыр. Жеңістеріңіз көп болсын, жігіттер!

 

РЭжБӘИИ баспасөз қызметі


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"