Жемқорлық індет – күресу міндет

Қазақстан Республикасы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының 6-бабына сәйкес барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуге міндетті. Ал Қорғаныс министрінің 2014 жылғы бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Қарулы Күштерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың орындалуын бақылау жөніндегі комиссиялар туралы» ережеге сай 01098 әскери бөлімінде арнайы комиссия құрылған

Бөлім комиссиясы өз міндеттерін айтарлықтай атқарып келеді. Барлық іс-шарлар жоспарға сай ұйымдастырылып отырады. Сыбайлас жемқорлыққа қатысты барлық заңнамалар мен талаптары жеке құрамға дер кезінде жеткізіледі. Жеке құрам арасында тікелей бағынышты туыстық қатынастың болмауы, еңбек демалысына шығу бақылауға алынған. Сыбайлас жемқорлық орын алуы мүмкін қызметтерге және әскери қызметшілердің қымбат мүліктермен суретке түсіп әлеуметтік желілерге жіберулеріне зерделеу жасалынып тұрады.

Жақында комисияның кеңейтілген отырысы әскери полиция өкілдерін шақыра отыра дөңгелек үстел әдісімен өткізілді. Әскери полиция өкілдері майор А.Салиев пен лейтенант Ж.Әбікеев өз кезектерінде сөз алып, ҚР Қарулы Күштерінде орын алған әкімшілік және сыбайлас жемқорлық бойынша құқықбұзушылықтарды жеке құрамға жеткізе отыра, әскери қызметшілердің аталған фактілер бойынша алдын ала ескерту жасай отырып, жол бермеуге шақырды. Дөңгелек үстел барысында нақты тапсырмалар қойылып, комиссия жұмысы айқындалды.

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Заңының 49 және 144-баптарының талаптарына сәйкес азаматтар, оның ішінде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде әскери қызмет атқаратындар, нақты мерзімдегі әскери қызметшілерден басқалар, жыл сайын 31 наурызға дейін тұрғылықты жері бойынша салық органдарына жыл сайынғы кіріс декларациясын тапсыруға міндетті. 01098 әскери бөлімінің жеке құрамы салық органдарына жыл сайынғы кіріс декларациясын тапсыруды 100% орындады.

Сыбайлас жемқорлық көріністеріне немқұрайлы қарау өткір қоғамдық мәселе болып отыр. Жемқорлық – қоғамдық санада руханилықтан гөрі, материалдық игіліктердің басымдық алғанын көрсететін құндылықтар дағдарысы. Азаматтардың кейбір бөлігінің ұғымында сыбайлас жемқорлық үйреншікті іске, ал біреулер үшін зәру мәселелерді заңды айналып өтіп шешудің тәсіліне айналды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды жұртшылық көп жағдайда жүйесіз, нәтижесі төмен атүсті жұмыс ретінде көреді. Тұрғындардың пікірінше, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – мемлекеттің міндеті. Осындай көзқарас, қоғамда тамыр жайған сенімсіздік пен таптаурын ұғымдар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды айтарлықтай әлсіретеді.

Сонымен бірге, азаматтардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрарлық мәдениет, сыбайлас жемқорлықты жуытпайтын тұрақты иммунитет, оны жариялы түрде айыптау болмайынша, қалаған нәтижеге қол жеткізу мүмкін емес. Әрбір қазақстандық, әр отбасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бүкіл қоғамның, әр азаматтың ісі екендігін түсінуі тиіс.

Сондықтан бала күннен бастап Отанға деген сүйіспеншілікке, адамдарды және дәстүрлерді құрметтеуге, білім мен еңбекке ұмтылуға, көргенділік пен адалдыққа тәрбиелеу керек. Бұл сезімдер біздің халқымыздың қанында ежелден бар.

Сыбайлас жемқорлықпен күресу әрбір азаматтың тікелей міндетіне айналу керек.

Майор А.Жақсылық, 01098 әскери бөлімі командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстары жөніндегі орынбасары


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"