Жеке құрамдағы түсіндіру жұмысы

Ақмола өңірлік гарнизоны әскери полиция жасағының, ҚР ӘП құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің және әскери прокуратураның өкілдері 83205 әскери бөлімінің жеке құрамына  ҚР Қорғаныс министрінің ҚР ҚК әскери қызметшілеріне үндеуі жайлы сөз қозғап,  сыбайлас жемқорлықтың алдын алу керектігі туралы ескертіліп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Түсіндіру жұмыстарын өткізу барысында жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру тәртібі, әскери қызметшілердің және қызметкерлердің құқықтық жауапкершілігін арттыру және армиялық ортада сыбайлас жемқорлық пен теріс қылықтардан алдын ала сақтану және жою, Қазақстан Республикасының әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексі, әскери қызметшілердің жауапкершілігін қарастыру және тағы басқа да мәселелер талқыланды.

ҚР ӘП құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің бөлім өкілдері подполковник Е.Мұсабеков пен майор М.Хасенов, Ақмола гарнизоны Әскери прокуратурасының қызметкері әділет аға лейтенанты Д.Есенжанов, Ақмола өңірлік гарнизоны әскери полиция жасағының әкімшілік тәжірибе бөлімінің офицері әділет полковнигі аға лейтенант А.Әжібеков және ҚР ӘП құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің қызметкері 2 сыныпты заңгер Г.Нұрбаева жоғарыдағы атап өтілген мәселелердің талаптарын жан-жақты түсіндіріп, мысал келтіре отырып, берілген сұрақтарға толықтай жауап берді. Сондай-ақ осы жылда орын алған әкімшілік құқықбұзушылық туралы және басқа фактілерді айтып өтті, одан әрі жеке құрамды осындай жағдайларды болдырмауға шақырды.

 

                                                       

                                                        Л.ИСКАКОВА

                                                            Мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі

қызмет бастығы


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"