Жаздық кезеңге өту науқаны

    «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлеріне қарасты 06708 әскери бөлімінде қару-жарақ пен әскери техниканы жаздық мерзіміне пайдалану көшіру жөніндегі жұмыстар қарқынды жүруде. Аталған іс-шара әскери техникалар мен жұмысды атқару барысында қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып, жеке құрамға қауіпсіздік шараларының ережелерін жеткізу, қызмет көрсетудің тәртібін көрсету және техникаларды пайдалану ерекшеліктерін түсіндіру жұмыстарымен басталған болатын.

Бөлім командирінің қару-жарақ жөніндегі орынбасары подполковник Андрей Александрович Боярскийдің айтуынша, қару-жарақ пен әскери техникаларды жаздық кезеңге көшіру кезінде басты салмақ барлық дәрежедегі командирлер мен әскери бөлімдегі дивизион командирлерінің материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі орынбасарларына артылады. Жауынгерлік машиналар паркінің аумағында тиісті тәртіппен қоймалар мен көлік тұрақтарына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Әскери бөлімге қарасты барлық бөлімшелер қосалқы бөлшектермен, қажетті құралдармен және жанар-жағармайдың басқа да түрлерімен жабдықталған.

   Әскери бөлімнің жауынгерлік машиналар паркінің аумағындағы атқарылып жатқан жұмыстардың жоспарлы түрде жүзеге асуын бақылауға келген бөлім командирі подполковник Абеков Жасұлан Садуұлы бөлім жеке құрамының қару-жарақ пен әскери техникаларды жаздық кезеңге көшіру ауыстыру кезіндегі жұмыстарына жоғары баға берді. Қару-жарақ пен әскери техникаларды жаздық кезеңге көшіруге жауапты тұлғаларға бірқатар тапсырма берген подполковник Абеков Жасұлан Садуұлы: «Біздің әскери бөлімге тиесілі барлық қару-жарақ пен әскери техникалар ақаусыз, кез келген ауа-райына дайын болуы керек. Жыл сайынғы еліміздің барлық жеріндегі Қарулы Күштерге тиесілі әскери бөлімдердегі жоспарға сай өтетін жаздық кезеңге ауыстыру жұмыстарының маңдыздылығы өте зор. Себебі, жұмыс барысында техникалар толықтай тексеріліп, анықталған ақаулары қалпына келтіріледі. Қару-жарақ пен әскери техникаларды жақсы жағдайда ұстау – біздің басты міндетіміз!», – деп, өзінің көкейдегі ойын жеткізді.

    Жаздық жұмыстарды жүзеге асыру кезінде жауынгерлік және арнайы техниканың, сондай-ақ жеке құрам мен қауіпті жүктерді тасымалдауға арналған әскери автокөліктердің техникалық жай-күйіне ерекше назар аударылатын болады.

 

Думан Құрманғалиев



Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"