Жауынгерлік корабльдерді қысқы жүзуге дайындауда

Нормативтік құжаттар мен корабльдерді пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес техниканы қысқы пайдалану кезеңіне техниканы көшіру жүзеге асырылуда.

Қысқы пайдалану кезеңіне көшіру барысында басты және қосалқы тетіктерге қызмет көрсету, майлау, суытатын сұйықтықтарды, жазғы отынды қысқы отынға ауыстыру жөнінде іс-шаралар орындалуда, корабльдер мен катерлер жарағының механикалық бөліктерін майлау жұмыстары жүргізілуде. Қысық кезеңге сондай-ақ арқандап байлау, зәкірлік, палубалы құрылғыларды, мұзды жаруға арналған керек-жарақтарды дайындауда. «Қысқы пайдалану кезеңіне көшіру мақсаты бұл қысқы уақытта жауынгерлік корабльдер мен катерлерді апатсыз пайдалану болып табылады. Көшіру барысында жұмыс корабльдер мен катерлер жеке құрамының күшімен орындалады», - деді ҚР ӘТК әскери бөлімдері бірінің командирі капитан Сергей Семенченя. Қысқы уақытта корабльдер теңізге сирек шығады. Алайда, бұған қарамастан, ҚР ҚК Әскери-теңіз күштері толық көлемде Каспий теңізінің су айдындарында жауынгерлік әзірлікті ұстап тұру жөніндегі өздерінің негізгі тапсырмаларын орындауды жалғастыруда. Жыл мезгіліне қарамастан, «Жайық» гидрографиялық кемесі іске асыратын зерттеу жұмысы да жүргізілуде.



Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"