Жауынгерлік әзірлікке келтірілді

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығы 44736 әскери бөлімінің жеке құрамына белгі берілісімен түгелдей жауынгерлік дабылмен көтерілді. Барлаушылар жауынгерлік әзірліктің жоғары деңгейіне келтірілді.      

Жауынгерлік әзірлік бойынша іс-шараның ерекшелігі – әскерді жауынгерлік әзірліктің жоғары деңгейіне келтірудің мәселелерін пысықтау. Жеке құрам белгіленген шартты ауданға маршты жүзеге асыру жөнінде оқу-жауынгерлік тапсырмасын алды. Бөлім қолбасшылығы негізгі қызметтерімен қоса, басты міндеттерді де орындады. Барлаушылар әскери техниканың көмегімен белгіленген шартты ауданға маршты жүзеге асырып, кәсіби дайындықтың деңгейін көрсетті. Бұл қысқа уақытта жан-жақты дайындықты сапалы жүзеге асыру қабілетін анықтауға мүмкіндік берді. Одан әрі қарай жеке құрам Маңғыстау облысының аумағында қыркүйектің 17-28 аралығында өтетін ҚР Қарулы Күштерінің стратегиялық командалы-штабтық «Батыс- 2018» жаттығуына жол тартты.

   Айта кетейік, стратегиялық командалы-штабтық «Батыс- 2018» жаттығуына Құрлық әскерлерінің, Әуе қорғанысы күштерінің, Әскери-теңіз күштерінің, арнайы операциялар күштерінің, материалды-техникалық қамтамасыз ету және арнайы әскердің әскери бөлімдері мен құрылымдары тартылып отыр.

 


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"