"Жасұландағы" сабақ автоматқа арналды (Фото)

Армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық әскери мектебінің оқу әдісімен таныспақ ниетте біз сол оқу орнына бардық, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі.

Бізді қарсы алған Әскери дайындық бөлімшесінін бастығы капитан Марат Болсаев қысқаша тыныс-тіршіліктерімен хабардар етті. «Бізде, - деді ол, басқа республикалық мектептерге қарағанда әскери дайындық сабағы тереңдетіліп оқылады. Әр пәннен беретін мұғалімдердің өзіндік оқыту әдістемесі бар. Әскери 5 оқу: атыс дайындығы, Құрлық әскерлері дайындықтары бойынша және жауынгерлік кабинеті, Әуе қорғанысы күштері мамандықтары бойынша, Әскери-теңіз күштері бойынша мамандықтар кабинеті бар». Осы оқу кабинеттерімен таныса жүріп, біз 3 сынып сержанты Әлішер Ғабдуллиннің сабағына ендік. Сабағы А-74 Калашников автоматына арналып, оның ұрыстық қасиеттері, жалпы құрылысы және жұмыс принципі, автоматты толық емес бөлшектеу мен жинастыру жайы өтті. – «Біздің мақсатымыз Калашников автоматының міндетін, құрылысын, ұрыстық қасиеттерін толық емес бөлшектеу мен жинастырудың ретін түсіндіріп, оны меңгерту» деді ол. Бәрін жік-жікке бөліп, әр бөлігін түсіндірген пән мұғалімінен соң ұлан А.Қайратұлы оны рет-ретімен қайта жиыстырып берді. «Мен осы «Жасұлан» республикалық мектебіне 5-інші сыныпта келдім. Қазір 11-сыныпта оқимын. Әскери дайындық сабағында біз саптық даййындықты, төрт жарғыны өттік. Қазір Ак-74 №12 және 13-нормативтерін орындадық». деді ол бізге түсіндіріп. Айта кетейік, ««Жас ұлан» республикалық мектебі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 наурыздағы қаулысымен мемлекеттік және шетел тілдерін, әскери пәндерді тереңдетіп оқытуға және күшейтілген дене шынықтыру даярлығына арналған жалпы орта оқу орны ретінде құрылды. 2011 жылғы 8 желтоқсанда ел Президенті – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қатысуымен «Жас ұлан» республикалық мектебінің жаңа ғимаратын салтанатты ашылу рәсімі болды. Калашников автоматы атқыштар қаруының дербес түрі болып табылады. Оның құрастырушысы – М.Т.Калашников. Осы автомат негізінде Калашников (РПК) қол пулеметі және басқа атқыштар қарулары жасалған. 1. Бекітпе 2. Соққыш 3. Капсюль 4. Заряд 5. Газ шығарылатын тесі 6. Ұңғылық кесінді 5,45 мм жетілдірілген Калашников автоматы дербес қару, ал 5,45 мм Калашников пулеметі атқыштар бөлімшесінің қаруы болып табылады. Қарсыласты қоян-қолтық шайқаста жеңіліске ұшырату үшін автоматқа сүңгі-пышақ бекітіледі. Автоматтан атыс жүргізу үшін кәдімгі (болат өзекті), жарқырауық және сауыт бұзғыш-өртегіш оқтары қолданылады. Автоматтан (пулеметтен) автоматты немесе жекелей атыс жүргізіледі. Автоматты атыс автоматтан атудың негізгі түрі болып табылады: ол қысқа (5 атысқа дейін) және ұзақ атумен (10 атысқа дейін, пулеметтерден 15 атысқа дейін) кезекпен және үзбей жүргізіледі. Атыс кезінде патрондардың берілуі автоматта 30 патронға, пулеметте 45 патронға дейін болатын қорабы оқжатардан жүргізіледі. Автомат пен пулеметтің оқжатарларын өзара алмастыруға болады. Автоматтың негізгі бөліктері мен механизмдері. 1. Ұңғы қорабымен, көздеу құрылғысымен және дүмбімен қоса ұңғы. 2. Ұңғы қорабының қақпағы. 3. Сүңгі-пышақ. 4. Қайтарма механизм. 5. Газ поршенімен бекітпе жақтауы. 6. Ұңғы бастырмасы газ түтігі. 7. Бекітпе. 8. Сүмбі . 9. Шет мойын. 10. Оқжатар. 11. Керек-жарағымен пенал. Автоматты бөлшектеу толық және толық емес болуы мүмкін. Автоматты толық емес бөлшектеу реті 1. Оқжатарды бөліп алу. 2. Керек-жарақпен қоса пеналды шығарып алу. 3. Сүмбіні алу. 4. Ұңғы қорабының қақпағын шығарып алу. 5. Қайтарма механизмді шығарып алу. 6. Бекітпе мен қоса бекітпе жақтауын алу. 7. Бекітпені бекітпе жақтауынан алу. 8. Ұңғылық бастырмасымен газ түтігін шығарып алу. Толық емес бөлшектеуден кейін автоматты жинастырудың реті 1. Ұңғылық бастырмасымен газ түтігін қосу. 2. Бекітпені бекітпе жақтауына қосу. 3. Бекітпесімен қоса бекітпе жақтауын ұңғы қорабына қосу. 4. Қайтарма механизмді қосу. 5. Ұңғы қорабының қақпағын қосу. 6. Сүмбіні қосу. 7. Пеналды дүмбі ұясына салу. 8. Оқжатарды автоматқа қосу.
Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Габионы - быстровозводимые защитные сооружения военного предназначения

Габионы - быстровозводимые защитные сооружения военного предназначения

120-мм 2Б11 тасымалы мина атқышы

120-мм 2Б11 тасымалы мина атқышы