Жастардың алғашқы легі аттанды

    Нұр-Сұлтан қаласынан 30 жас «Ел тірегі – 2019» науқанының аясында ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің қатарына 2019 жылғы күзгі шақырылымның Қазақстан Республикасы бойынша алғашқы легі болып аттанды.

ҚР ҰҚК Шекара қызметіне аттанған әскерге шақырылушылар әскери ант қабылдағаннан кейін еліміздің шығысындағы шекара бекеттеріне барып, ел тыныштығын қорғамақ.

Іс-шараға Нұр-Сұлтан қаласы әкімшілігінің өкілдері, Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің басшылығы, сондай-ақ ҚР ҚК ардагерлері мен сарбаздардың туыстары қатысты. Ал, шараға келген ҚР ҚК ардагерлері мен сарбаздардың ата-аналары оларға Отан алдындағы борышын адал өтеп, Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің батырлығын дәріптеп, сарбаздық қызметті абыроймен атқарып, үйлеріне үздік қызметіне деген марапаттармен оралуларын тіледі.

Нұр-Сұлтан қаласы қорғаныс істері жөніндегі департаменті штаб бастығы подполковник Айдын Сағынбеков те жастарға жүктелетін қызметтің маңыздылығын түсіндіре келе елорда жастарына әскери қызметте табыс тіледі.

Аға буынның ізгі тілектерінен кейін сарбаздар үшін концерттік бағдарламалар ұйымдастырылып, аяқталғаннан кейін естелік фотоға түсірілді. Нұр-Сұлтан қаласы филармониясының әншілері жиналған көпшіліктің көңілін көтеріп, мерейін тасытты.

Еске сала кетсек, ағымдағы жылдың қыркүйек айында мерзімді әскери қызметке азаматтарды іріктеу жұмыстары бастау алған болатын. Нұр-Сұлтан қаласының 800-ден астам шақыру жасындағы азаматтары осы күздері Қарулы Күштер қатарына Отан алдындағы борышын өтеу үшін аттанатын болады.

                                                                    Капитан Индира Ескендірова,

Нұр-Сұлтан қаласының қорғаныс істері жөніндегі

департаменті баспасөз қызметінің бастығы

                                                                 

 


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"