«Жас ұлан» армия әндері республикалық фестивалінің жеңімпаздарына құрмет көрсетілді

XVIII «Жас ұлан» армия әндері республикалық фестивалінде «Фольклор» номинациясы бойынша үздіктерге «Шығыс» өңірлік әскерлері қолбасшысының Басқармасында құрмет көрсетілді, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі.

Жеңімпаздарды «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Нұрлан Мұсаханұлы Қашағанов басқарманың жеке құрамы алдында салтанатты түрде құттықтады. Астанадағы ҚР ҚК Ұлттық әскери-патриоттық орталығында ұйымдастырылған республикалық шарада қолбасшылықтың абыройын жоғары ұстап, мерейін асырғандары үшін алғысын да жеткізді. Құрлық әскерлері, Әуе қорғанысы Күштері, Әскери-теңіз күштері, әскери жоғарғы оқу орындары, қорғаныс ісі жөніндегі басқармалар әскери қызметшілері, әскери-патриоттық клубтар тәрбиеленушілері мен жоғары сынып оқушылары арасындағы байқауда жүзден жүйрік шыққан өнерпаздарға сардарлар сүйсіне қол соқты.

   Айта кетейік, «Жас ұлан» армия әндерінің фестивалінде «Орындаушы-вокалистер», «Фольклорлық орындаушылар», «Вокалды-аспаптық ансамбльдер мен орындаушылар» номинациялары бойынша қазақстандық сазгерлердің немесе орындаушылардың және жеке (авторлық) музыка шығармалары, сондай-ақ, фольклорлық жанрдағы туынды әскери тақырыпта орындалды. 

Бас жүлдені «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы ұтып алды. «Вокалды-аспаптық ансамблі» номинациясында бірінші орын «Арыстан» мектеп-лицейінің вокалды тобына бұйырды. Ал, «Фольклор» номинациясы бойынша жүлде «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына берілді. Көрерменнің назарына «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының фольклорлық ансамблі Бердігенің «Шашу» күйін, Б.Тәжібаевтың «Ақ бұлақ» әнін және халық әндерінен попурри ұсынған еді.

Алуа ИСКАКОВА


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"