«Жас ұлан» әскери мектептеріне инновациялық оқыту әдістері енгізіледі

Астанада Армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебінің базасында «Назарбаев интеллектуалдық мектебі» автономды білім беру ұйымының тәжірибесін трансляциялау қорытындысы бойынша жаттықтыру сабағы және дөңгелек үстел өтті.

Бұл іс-шараға ҚР Қорғаныс министрлігіне қарасты Білім және ғылым департаментінің, Ұлттық қорғаныс университетінің, «Назарбаев интеллектуалдық мектебінің» өкілдері, сондай-ақ Астана, Алматы, Қарағанды және Шымкент қалаларындағы «Жас ұлан» республикалық мектептерінің басшылығы мен оқытушылар құрамы қатысты. Астана қаласындағы «Жас ұлан» мектебінің мұғалімдері оқу процесінде инновациялық оқыту әдістерін енгізу мен оны тәжірибеде пайдалануды көрсетті.

Бұл мұғалімдер мен ұландықтардың арасында өзара іс-қимылда барынша тиімді нәтижелерге жетуге, тәрбиеленушілердің бойында жан-жақты интеллектуалдық, байланыс және шығармашылық шеберлікті дамытуға бағытталған ымырасыз жаңа тәсілдер мен әдістер. Барлық әскери мектептің өкілдері оқу үдерісіне аталған инновациялық оқыту әдістерін енгізу барысын жеткізді.

Педагогикалық шеберлік орталығының мамандары әскери мектептерде сабақтарды өткізу сапасына өз тарапынан жоғары баға берді. Жаттықтыру сабағы мен дөңгелек үстелдің соңында қатысушылар 2016 жылғы ынтымақтастықтың қорытындысын шығарып, әрі қарай жұмыс бағыттарын айқындады.  

Р Қорғаныс министрлігінің «Жас ұлан» республикалық әскери мектебі мен «Назарбаев интеллектуалдық мектебі» арасындағы ынтымақтастық бұрын қол қойылған меморандум аясында іске асырылатынын атап өткен жөн. Ағымдағы жылы озық тәжірибелерді трансляциялау жөнінде кешенді іс-шаралар өткізілді, атап айтқанда, әскери мектептің мұғалімдері мен кітапханашылары тиімді оқытуды оқу процесіне енгізу бойынша арнайы курстардан және тренингтерден өтті.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"