Жас сарбаздармен толықты

74261 әскери бөліміне Отан алдындағы борышын атқару үшін Алматы қаласының қорғаныс істері жөніндегі департаментінен 50 жас сарбаз келді.

Жас сарбаздарды әскери қызметке бөлім командирімен бекітілген таңдаулы және кәсіби деңгейдегі офицерлермен сержанттар дайындайды. 74261 әскери бөлім командирі полковник С.Сәрсенов жас сарбаздарды әкімшілік құрамымен таныстырып, бөлімнің тарихи жолымен және бөлімнің аумағын аралап көрсетті. Жас сарбаздар ротасының әкімшілік құрамы әр сарбазбен жекеленген түрде сұхбат жүргізіп, олардың толықтай мәліметімен танысып, алдағы уақытта жұмыс жасау үшін және келешекте бөлімшелерге бөлінер кезде сарбаздардың кәсіби мамандықтарына, білімдеріне, жеке мінездемелеріне және психологиялых деңгейіне қарап бөлімшелерге әскери лауазымдарға тағайындалады.

Бір ай ішінде болашақ барлаушы сарбаздар жалпы әскери жарғы, мемлекеттік құқықтық дайындық және жауынгерлік дайындық сабағы бойынша өздерінің әскери кәсіптерін нығайтады. Жас сарбаздар өздеріне қолданысқа берілетін әскери техникалармен, қару-жарақ және басқа да әскери құралдармен танысып, оларды дұрыс қолдану тәсіліне үйренеді.

Әскери ант қабылдау мерекелік іс-шарасы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналып, 1 желтоқсан күні өтуі жоспарланған.

 

Майор М.КУНЧАЕВ

74261 әскери бөлім командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары – бөлім бастығы

 


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"