Жас сарбаздарға арналған алғашқы оқ ату

Қарағанды, Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстарынан Шымкент гарнизонының әскери бөліміне келген жас буын алғаш рет жауынгерлік атысқа барынша жақын жағдайларда жауынгерлік атыстарды орындады

-сынып сержанты Жақсыбек Мақсат жаңадан шақырылған жас сарбаздармен практикалық оқ атуды орындау алдында нұсқаулық өткізді. Өйткені, сержант Жақсыбек "Үздік рота сержанты" және " Үздік батальон, дивизион сержанты" номинациялары бойынша Қарулы Күштердің бүкіләскери конкурсының бірнеше дүркін жеңімпазы болып табылады.

Бүкіләскери сайыстың бірнеше рет жеңген сержантпен әңгімелесуден кейін жас буын практикалық оқ атуды орындады. Жауынгерлердің көпшілігі үшін автоматтан оқ ату алғаш рет болса да, олардың көпшілігі жақсы көрсеткіштерге қол жеткізіп, командирлерінен мақтау сөздерін естіді.

IMG_0043.jpg

Атыс нәтижелері бойынша жас буын жақсы нәтижелер көрсетті. Жас сарбаздар арасында Шығыс Қазақстан облысының Семей қаласынан шақырылған мерзімді қызметтегі қатардағы Мақұлбеков Диас, Қожамсейтов Талғат және Ивлев Роман үздік деп танылды, олар АКС-74-тен 95, 88 және 87 баллға бақылау атыстарының төртінші жаттығуын орындады.

"Калашников автоматын алғаш рет қолға алған солдат үшін бұл тамаша нәтиже. Оларда өз Отанының тамаша қорғаушысы болуға мүмкіндігі бар", - деп атап өтті атыс жетекшісі, аға лейтенант Ізімжанов Батыр.

Атыстан кейінгі алғашқы әсерлерімен мерзімді қызметтегі қатардағы Әділ Галимов бөлісті, – « "от" командасынан кейін менің барлық қызметтестерім және мен, соның ішінде, бізді үйреткендей, көздедік және дем шығару кезінде баяу ілгекті басқан сәтте, кенеттен құлағыма қоңыраудың даусы қатты шықты, бүкіл денемнен тітіркеніп кетті. Шынымды айтсам, мен бірнеше секундт қимылсыз қалдым, бірақ жиналғаннан кейін мен атуды жалғастырдым. Бұл атудың ең қарапайым түрі, егер мен мұндай жаттығуды орындай алмасам, Отан қорғаушысы деп өзімді қалай атай аламын, мен өзіме қайталадым".

IMG_0056.JPG

Жас сарбаздар әскери істі үлкен қызығушылықпен оқиды, ал олардың командирлері өз қамқорлығына алынғандарға әскери қызмет туралы көбірек айтып, бар тәжірибесін жеткізуге тырысады. Мүмкін, бір жыл мерзімді қызмет еткеннен кейін біз бұл жігіттерді болашақта Қазақстан Қарулы күштерінің құрамында сержанттар, офицерлер және мүмкін генералдар ретінде кездестіреміз, олар әскери қызметті жалғастыру және өз Отанын кәсіби қорғау үшін білімі, шеберлігі мен дағдылары жеткілікті.

 

Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"