Жас жауынгерлер Отанға адал болуға ант берді

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні 2020 жылдың күзінде шақырылған бір жарым мыңнан астам мерзімді қызметтегі сарбаз оңтүстік және батыс өңірлердегі әскери бөлімдерде әскери ант берді.

Күзгі әскерге шақыру науқаны барысында Қарулы Күштердің әскери бөлімдері Қазақстанның барлық өңірлерінен келген сарбаздармен толықты. Олар алғашқы әскери дайындық бағдарламасын аяқтап, мереке күні әскери ант берді.  
Салтанатты рәсімге әскерлер қолбасшылары мен олардың орынбасарлары, әскери бөлімдердің командирлері қатысты.
Әскери ант қабылдағаннан кейін жас сарбаздар қоян-қолтық ұрыс пен саптық дайындық элементтерін көрсетті.
«Еліміз үшін айтулы күні дәл осындай әскери ант қабылдау біз үшін үлкен мәртебе. Бұл бәрімізге ерекше жауапкершілік жүктейді. Барлық азаматтарды Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтаймын! Отанымыздың игілігі үшін әскери борышымызды абыроймен орындаймыз деп сеніммен айта аламын», – деп 41433 әскери бөлімінің қатардағы жауынгері Айбар Омар атап өтті.  
Санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, салтанатты іс-шара туыстары мен жақындарының қатысуынсыз өтті.  
Отан алдында адал болуға ант беру – әр азаматтың өміріндегі ұмытылмас оқиға. Отан қорғаушылар өздерінің конституциялық міндеттерін абыроймен атқарып, ата-анасының, елінің және Ел Президентінің сенімін ақтауға дайын. Әскери бөлімдердің басшылығы өз кезегінде, сарбаздардың әскери борышын сәтті атқаруы, әскери мамандықтарды, әскери даярлықтың ұдайы өткізілетін сабақтарын меңгеруі үшін бар жағдайды жасаған.




Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

На вооружение украинской армии приняты дальнобойные крупнокалиберные винтовки Snipex T-REX и Snipex ALLIGATOR

На вооружение украинской армии приняты дальнобойные крупнокалиберные винтовки Snipex T-REX и Snipex ALLIGATOR

 Наземные дроны казахстанской армии

Наземные дроны казахстанской армии