"Жас барлаушы" клубы ашылды


   Әскери-патриоттық тәрбиенің рөлін күшейту туралы еліміз Президенті – ҚР Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасын іске асыру шеңберінде «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының 44736 әскери бөлімі Семей қаласындағы 49-шы орта мектепте «Жас барлаушы» әскери-патриоттық клубын құрды. Қаладағы әскери-патриоттық 23-ші клубтың қатарына 23 жас қабылданды.

Семейдегі әскери-спорттық патриоттық клубтар орталығының қатары тағы бір ұжыммен толықты. «Жас барлаушы» әскери-патриоттық клубының ашылу салтанатына жиналған қауым Елбасы – ҚР Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауында әскери-патриоттық тәрбиені жандандыруды, әрбір мектепке осы жұмысты қолға алуды тапсырғанына тоқталып, бұл міндет жаңа қазақстандық патриотизмді барынша нығайтуды баяндайтынын айтты. Отанға деген құрмет пен сүйіспеншілік, жаңа қазақстандық патриотизм, мемлекетіміздің одан әрі көркеюі мен дамуына үлес қосу, туған ел мен жерге деген шынайы сезім әр адамның бойында болуы тиіс екенін жеткізді. «Жас барлаушы» клубында білім алып, қанаты қатайған оқушылардың болашақта еліміздің өсіп-өркендеуіне үлес қосатын нағыз мамандар болатынына зор үміт артты. Денесі шыныққан, жан-жақты сауатты, намысшыл болашақ жауынгерлерді дайындайтындығына да сенім білдірді. Сапқа тұрған қыз-жігіттер ерік-жігерімен Отанымыз – тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік мүдделерінің ержүрек, әрі батыл қорғаушысы болуға, мемлекеттік рәміздерді құрметтеп, дәріптеуге, сондай-ақ, «Жас барлаушы» клубының ережелерін сақтауға салтанатты түрде ант берді.

   Шара барысында бөлім командирі полковник Сәбит Үркінбаев пен мектеп директоры Гүлфариза Тоқтубаева серіктестер арасындағы ынтымақтастық меморандумына қол қойды. Тараптар стратегиялық серіктестікті елеулі әлеуетті ынтымақтастыққа белгілеп, әскери-патриоттық клубтың іс-шараларын бірлесіп атқаруға келісті. Мемлекеттің патриоттық тәрбие сағатын және әскери-қолданбалы спорт түрлерін дамытуға жәрдемдесуге бағытталған белсенділікті үйлестіретін де болады. Арнайы қызметтер мен құқық қорғау органдарына, Қарулы Күштерде қызмет етуге жас ұрпақтың әскери бағыттары мен дене дайындығын, жаппай дене тәрбиесі-сауықтыру іс-шараларын, әскери-спорттық жарыстарды ұйымдастырып өткізуде бір-біріне қолдау көрсетеді. Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы бірлескен жұмыс нәтижелері мен ақпараттық-насихат жұмыстарын жүзеге асырып, тығыз байланыс орнатуға да уағдаласты. Жаңа клубтың ашылуы салтанатының соңында қонақтар мен мектеп оқушылары әскери қару-жарақ түрлерін қызықтады. Жалпыәскери қорғаныс жиынтығын, барлаушылардың соңғы үлгідегі киім үлгілерін тамашалады. Далалық жағдайдағы жейтін тамағынан да дәм татты.

   Полковник Сәбит ҮРКІНБАЕВ, 44736 әскери бөлімінің командирі: «Елбасы – ҚР Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың ұсынысымен биыл «Жастар жылы» деп жарияланып, еліміздегі жалпы білім беру мекемелерінде «Жас сарбаз» жаңа әскери-патриоттық клубтары мен сыныптарын ашу жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында «Жас барлаушы» әскери-патриоттық клубы құрылды. Ұлы Отан соғысы, Ауғанстан соғысы және ҚР Қарулы Күштері ардагерлерімен бірлесіп, өскелең ұрпақты жаңа қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеуге жеке құрам бар күшін салады. Патриотизм – мемлекеттіліктің негізі. Туған елі мен жерін, Елбасын сүйетін патриоттарды тәрбиелеу – басты борышымыз».

   Мәди ОРАЗХАНОВ, 9 Б сынып оқушысы: «Менің ойымша, болашақ Отан қорғаушылардың арасында салауатты өмір сүруді насихаттап, жаңаша жетістіктерге қол жеткізуге мектебімізде ашылған «Жас барлаушы» клубының көмегі көп болмақ. Клубқа алғашқылардың бірі болып мүше болғаныма қуаныштымын».

   Айбек БЕКБОЛАТОВ, 8 А сынып оқушысы: «Клуб жас барлаушылардың патриоттық сезімін арттырып, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақстандықтардың ерлігі мен батылдығын насихаттауға септігін тигізеді. Ер жетіп, жігіт болғанда әскери қызметші болғым келеді».

   Гүлфариза ТОҚТУБАЕВА, 49-шы орта мектеп директоры: «Оқушыларымыздың 80 пайызы әскерилердің отбасынан. Клубтың мүшелері Отан алдындағы азаматтық борышын өтеуге, одан әрі әскери қызметке әзір болуға мектеп қабырғасынан дайындалады. Бұл бағытта 44736 әскери бөлімінің әскери қызметшілері әдістемелік көп көмек беріп отыр».

 

Алуа ИСКАКОВА

Суреттерді түсірген автор


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"