Жарықшақты қол гранаталарын лақтыру тәсілдері

Жарықшақты қол гранаттары қарсыластың адам күшін жоюға арналған. Олар, әсіресе, жақынннан (шабуылда, окопта, орманда,тауда, паналарда) ұрыс жүргізгенде нәтиже береді.

Жарықшақтарының ұшуына байланысты гранаттар шабуылдық және қорғаныстық болып бөлінеді.

Гранат итальян тілінен аударғанда «түйіршікті» деген мағына береді. Қарсыластың адам күші мен техникасын 1000 м дейінгі қашықтықта жоюға арналған оқ-дәрі. Қолдануына қарай қол гранаттары және гранататқыштармен атылатын гранаттар (гранататқыштармен ату, винтовкалық гранаттар) болып бөлінеді. Қолдану мақсатына қарай жаяу әскерге, танкіге қарсы қолданатын, өртегіш және арнайы (түтінді жарықтандырғыш сигналды және т.б.) түрлері бар. Гранататқыштық атыстар біріктірілген немесе бөлек оқталатын, калибрлік неме одан тыс,ұшуда айналуымен не қанатымен тұтандырылатын болып бөлінеді.

Гранаттармен жұмыс істеген кездегі қауіпсіздік ережелері:

1. Үйренуші болат дулыға кию керек;

2. Гранаттармен тұтандырғыштарды оқтау алдында тексеру керек, ақаулықтар байқалса командирге хабарлау керек;

3. Бірнеше гранаттар лақтыру кезінде алдыңғы гранат жарылған соң кемінде 5 секунд өткеннен кейін лақтыру керек;

4. Қол гранаттар лақтыру аумағын кемінде 300 м жерді қоршау керек;

5. Гранатты лақтыруға арналған бастапқы орында ақ жалау, атыс шебінде қызыл жалау болуы тиіс.

6. Қорғаныстағы және танкіге қарсы гранаттарды лақтыру офицердің жетекшілігімен бой тасалардан, оқпаналардан жүргізіледі.

7. Егер лақтырылмаған гранат болса онда оны командирдың тікелей бақылауымен  және тек пәрмен бойынша оқсыздандыруға болады.

8. Жарылмаған гранаттар есебін жүргізіп, олардың орнын қызыл жалаумен белгілеу керек.

9. Гранатты лақтырумен айналыспаған жеке құрамды атыс шебінен қауіпсіз жерге немесе бой тасаларға апару керек    (300 м).

10. Гранаттар мен тұтандырғыштар беру пунктін бастапқы орнынан кемінде 25 м қашықтыққа жабдықтау керек.

 

      Гранатты лақтыру алдында оны сөмкеден алып, түтіктен тығынын бұрап шығарып, оның орнына тұтандырғышты соңына дейін бұрап салу керек. 

    Гранатты лақтыру үшін оның ағытқыш иінтірегін саусақтармен гранат корпусына қыса ұстап тұрып қолға ілу керек.

    Иінтіректі жібермей сақтандырғыш мұрындықты жұлып алып, гранатты нысанаға лақтырамыз. Мұрындықты жұлып алғаннан соң, тұтандырғыш бөлшек орны өзгермейді, соққыш қайырма жағдайда соққыш механизм түтігі жалғастырудан босатылып, бірақ оған саусақтармен қыса ұсталынып, ағытқыш иінтірекпен ұсталып тұрады. Гранатты лақтыру кезінде ағытқыш иінтірек гранаттан бөлініп, соққышты босатады. Соққыш ұрыстық серіппе әсерінен капсюль-оталғышқа соққы беріп, оны тұтатады. От жалыны капсюль-оталғыштан баяулатқышты тұтандырады, одан өтіп капсюль – детанаторға беріледі.

    Капсюль – детанатор жарылып, гранаттың зарядын жарады. Гранат корпусы жарылады да, корпус және тұтандырғыш жарықшақтары жан – жаққа шашырайды.

Гранаттарды лақтыру  келесі  тәсілдермен жүргізіледі:

Жаттығу сабақтарында  ұрыстық гранаттарды  лақтыру  кезінде  болат дулыға киіледі. 

Гранатты жарақтау: «Гранаттарды дайындау!» пәрмені бойынша , ал ұрыста өздігінен де жүргізіледі.

Жарақтау үшін гранатты сол қолмен сөмкеден шығарып, оң қолмен  металл қалпақшасын алады немесе тығынды  корпус түтігінен  бұрап шығарады. Содан кейін  сол қолмен гранатты ұстап тұрып  оны оң қолмен сөмкенің  ұясынан шығарып тұтандырғышы алынады. Тұтандырғышты орталық түтікке қойып шегіне дейін бұрап енгізеді. Гранат лақтыруға дайын. 

Жарықшақты қол гранаталарын лақтыру түрлі жағдайларда  жүргізіледі: түрегеліп тұрып,тізерлеп тұрып,  жатқан қалпында , сондай-ақ (ЖҰМ)жаяу әскердің ұрыс машинасынан, танкіден, БТР және жаяу әскер ретік қозғалыста  тек шабуыл гранаттары, гранатты лақтыру кезінде оның ұшу жолында ағаш бұтақтары, қалың өскелең шөп, сым темір және т/б кедергілер болмайтындай жер таңдалады. 

Гранатты лақтыру «Гранатпен –ат!» пәрмені бойынша жүргізіледі. Жарықшақты қол гранатын  лақтыру үшін :

1.тығынды бұрап алу 

2. тұтандырғышты алу,

3. тұтандырғышты бұрап тығу.

Жарықшақты қол гранаталарын лақтыру алдындағы іс -әрекет: 

1. ағытқыш интеркті граната корпусына басу,

2. сақтандырғыш мұрындық ұштарын ию,

3. сақтандырғыш мұрындықты  жұлып алу . 

 

Бір орнында тұрып граната лақтыру кезінде нысанаға тура қарап, гранатты оң қолда , ал қаруды сол қолда ұстап тұрып,  сақтандырғыш мұрындықты  жұлып алады. Оң аяқты  тізеден бүгіп , денені оңға бұрып, қол  төменге және артқа  доға бойынша  гранатпен сермеу жүргізіледі,  лақтыру кезінде  дененің  салмағын сол аяққа  түсіріп, қаруды артқа  ұстайды. 

Тізерлеп граната лақтыруда -  гранатты оң қолда , қаруды сол қолда  ұстап тұрып , сақтандырғыш  мұрындықты жұлып алады. Денені артқа  бере және оны оңға бұрып, гранатты құлаштап, көтеріңкірей отырып, иықтың үстінен лақтырады да , қимыл соңында дереу сол аяққа еңкейеді. 

Жатқан қалпында граната лақтыру кезінде  қаруды жерге қойып, гранатты оң қолға алады. Сол қолмен  сақтандырғыш мұрындықты  жұлып алады да, қолдарымен жерді тіреп, одан күш алып қозғалады. Оң  аяқты  біраз артқа беріп, сол аяқпен тізерлеп тұрады да, гранатты құлаштап лақтырады. Оң аяқты  түзете , нысанаға қарай  кеудені бұра алға беріп, гранатты лақтырады: қаруды алып, атысқа оңтайланады. 

Гранатты ордан немесе оқпанадан лақтыру үшін – қаруды топыраққа  қалқаға қойып, гранатты  оң қолға алып, сақтандырғыш мұрындықты  жұлып алады, оң аяқты мүмкін болғанша  артқа қояды. Белмен еңкейіп, екі аяқты  сәл бүгіп, гранат ұстаған қолды, шегіне дейін кері қояды. Сол қолға сүйеніп, еңсені күрт жазып гранатты  нысанаға лақтырады да  ізінше орға, оқпанаға жасырынады.
Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"