Жамбыл облысында әскери жаттығу кезінде қар көшкіні жүрді: 7 адам қаза тапты

17 ақпан күні, Жамбыл облысында Көксай шатқалында 91678 әскери бөлімінің әскери қызметшілерінің жауынгерлік даярлық бойынша жоспарлы әскери дайындық барысында ойламаған жерден қар көшкіні жүрді. Оқу-жаттығуды орындауға барлығы 23 адам қатысқан.

Қазіргі кезде Жамбыл облысының Көксай шатқалында жүргізілген іздестіру-құтқару жұмыстары аяқталды, 7 әскери қызметшілер қаза тапты. Іздестіру шараларына Қарулы Күштердің әскери қызметшілері, Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департаментінің оперативті тобы және арнайы техникаларымен бірге Шекара қызметінің әскери қызметшілері жұмылдырылған. 

ҚР Қорғаныс Министрлігінің басшылығы қаза болған азаматтардың отбасына және туған-туысқандарына қайғырып көңіл айтады. Еліміздің Премьер-министрінің Үкімімен Қорғаныс министрінің басшылығымен арнайы комиссия құрылды.


Бүгін, 18 ақпан күні Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі генерал-полковник С. Жасұзақов бастаған үкіметтік комиссия «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығында болған оқиға орнына келді. Қазіргі уақытта комиссия қайғылы оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтау жұмыстарын жүргізіп, қайтыс болған әскери қызметшілердің отбасына материалдық көмек көрсету мәселесін қарауда. 

«Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 51 бабына сәйкес әскери қызметтік міндеттерін орындау кезінде қаза болған (қайтыс болған) жағдайда соңғы қайтыс болар (қаза болар) күні атқарған лауазымына сәйкес 5 жылдық ақшалай үлес көлемінде бір реттік өтемақы төлеу қарастырылған. 91678 әскери бөлімінің Жамбыл облысы Көксай шатқалында қаза болған әскери қызметшілер тізімі: - аға лейтенант Мошабаев Әлішер Қырықбайұлы 1991 ж.т. - кіші сержант Қыдырбаев Мақсат Тұрарұлы 1991 ж.т., - младший сержант Ерісбаев Әуесбай Көмекбайұлы 1992 ж.т., - келісімшарт қызметіндегі қатардағы жауынгер Кеңесов Тілеужан Қуатжанұлы 1993 ж.т., - кіші сержант Аралбаев Әмір Жаңабайұлы 1988 ж.т., - келісімшарт қызметіндегі қатардағы жауынгер Шәкен Мақсат Құмағазыұлы 1995 ж.т., - ефрейтор Тұрысмағанбетов Мұхит Балмағанбетұлы 1991 ж.т.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"