ФОТО ДНЯ: Біліктілік атыс дайындығында шыңдалады

«Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінде 06708 әскери бөлімінің әскери қызметшілері кезекті оқ ату сабағын өткізді.

WhatsApp Image 2022-02-06 at 10.51.53 (1).jpeg
Алдымен, сабақ жетекшілері жеке құрамды оқ атудағы барлық пәрмендi бiлуі, атысты дер кезінде орындауы және атыс кезiндегi техника қауіпсіздігі ережелерін сақтау жөніндегі нұсқаулықтармен таныстырды.
Қауіпсіздік ережелерінен кейін жеке құрам автоматтан оқ атуды орындады. Әскери қызметшілер белгіленген нысананы көздеп, атыс жаттығуларын пысықтады. Жаттығу барысында әскери қызметшілер жауынгерлік даярлықтағы өздерінің біліктіліктерін анық байқатты.
Сабақтың қорытындысы бойынша жеке құрам арасынан нысанаға дәл тигізуден жоғары ұпай жинап, үздіктер қатарынан көрінгендер де бар.
Жалпы жауынгерлік оқ ату жаттығулары жеке құрамның атыс дайындығын жетілдіріп қана қоймай, оқ ату дағдыларын шыңдайды.
Жеке құрамның атыс дайындығы сабағын 06708 әскери бөлімінің командирі подполковник Есжан Батырбеков өзі бақылады.
– Біліктілік атыс дайындығында шыңдалады. Әскери ортадағы әрбір әскери қызметшінің жауынгерлік даярлықтағы көрсетіп жүрген жетістіктері күннен күнге артып келеді. Олардың атыс дайындығындағы жоғары деңгейдегі көрсеткіштері жаттығулардың нәтижелері деп білеміз. Жеке құрам осымен тоқтап қалмай, жауынгерлік даярлық көрсеткіштерін одан әрі жақсарта беретініне сенімдімін, – деді әскери қызметшілердің атыс дайындығы сабағындағы көрсеткіштеріне жоғары баға берген командир.


Думан Құрманғалиев
Приозерск горнизонының баспасөз хатшысы

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"