Ертең «Рембат» сайысының салтанатты ашылуы өтеді

5 тамызда Омбы қаласында «Рембат» байқауының ресми түрде ашылу болады.  Ережеге сәйкес, "Рембат" жарысы төрт кезеңнен тұрады.

Бірінші кезеңде әскери қызметшілер жөндеу-эвакуациялау, жылжымалы техникалық қамтамасыз ету шеберханасы көлігінде, сондай-ақ броньдалған эвакуациялау көлігінде жеке жарыстарға қатысады. Жарыстың екінші кезеңінде олар оқ ату даярлығынан бақ сынайды. Бұл жерде сайысқа қатысушылар 200-ден 400 метрге дейінгі аралықтағы алты нысанды бағындыру, сондай-ақ 25 метрдегі габаритке гранатаны дәл тигізу сынақтары күтіп тұр. Конкурсанттар үшін сайыстың әскери-спорттық кешені салмақты сайыс болғалы тұр. Өйткені, бұл кезең барысында 500 метр халықаралық кедергі жолағын бағындыру, содан кейін ұзындығы 1700 болатын барлаушы соқпағын, содан кейін жерлерді бағдарлауды жүргізу және арнайы тапсырманы орындау үшін шеберлер шебін алу сынақтары бар. Үшінші кезең айтарлықтай күрделі кезеңдердің бірі, бұл жерде барлық кедергілерді бағындыру үшін барынша дене күші мен шыдамдылық таныту керек. «Рембат» конкурсын авто айлақтар мен броньды айлақтарда нормативтерді орындау экипаждарының аралас эстафетасы аяқтайды.

– «Өткен жылы «Рембат» конкурсына 4 команда қатысқан болатын, ал биылғы жылы қатысатын командалар саны көп болады деп күтілуде, себебі Армия халықаралық ойындарына қатысу үшін өтініш берген елдер саны артуда, яғни АрМИ өз ауқымын кеңейтуде. Дегенмен біздің әскерилердің де жүлделі орындарға деген нық сенімі бар. Біз оған қуаныштымыз және жеңіске жетеді деген сенімдеміз», - деп 01731 әскери бөлімі командирінің жауынгерлік және дене даярлығы жөніндегі орынбасары подполковник Еркен Өскембаев атап өтті.

Елімізде  өткен іріктеуде барынша лайықты деп танылған әскери қызметшілер Қазақстан Қарулы Күштерінің намысын қорғайтын болады. «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының байланыс, барлау, материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімшелері мен механикаландырылған бригадалары команда құрамына кірді. Біздің команда құрамында 28 әскери қызметші, оның ішінде негізгі және запастық құрам да бар.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"