Ерліктің, әскери міндет пен жауапкершіліктің үлгісі

Қорғаныс министрлігінде генерал-майорлар Әділбек Алдабергеновтің, Асхат Рыспаевтың және Қайрат Мыңжановтың әскери қызметтен босатылуына және құрметті демалысқа шығуына байланысты салтанатты іс-шара болып өтті.

Қорғаныс ведомствосының басшысы генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаев әріптестеріне бірлесіп атқарған қызметі үшін алғыс айта отырып, оларға зор денсаулық, отбасы амандығын тіледі.
– Әрбір офицер үшін Жауынгерлік Тумен қоштасатын сәт жүрек толқытатын ерекше кезең болып табылады. Бүгін біз еліміздің қорғаныс қабілетін нығайтуға, Қарулы Күштердің қалыптасып дамуына ерен еңбегімен зор үлес қосқан нағыз кәсіби білікті командирлер – генералдарды құрметті демалысқа шығарып салып отырмыз. Сіздер жүріп өткен жауынгерлік жол іздеріңізді басқан офицерлер үшін әрқашан үлгі-өнеге болып қалады, – деп атап өтті Нұрлан Ермекбаев.
Генералдар құрметті қарауыл ротасы сабының бойымен жүріп өтіп, әскери намыстың, айбындылық пен даңқтың нышаны болып табылатын Жауынгерлік Тудың алдында басын иді.
Әділбек Алдабергенов әскери училище курсантынан бастап еліміздің Қарулы Күштері Бас штабы бастығының орынбасары лауазымына дейін қызмет атқарды. Ауғанстанда кеңес әскерлерінің шектеулі контингенті құрамында арнайы мақсаттағы топты басқарды, елуден астам барлау тапсырмаларын орындады.
Әділбек Алдабергенов жауынгерлік іс-қимылдарда көрсеткен жеке батырлығы мен бөлімшелерді шебер басқарғаны үшін Қызыл Жұлдыз орденімен наградталды. Ол Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қалыптасуы мен дамуына зор үлес қосты, Аэроұтқыр әскерлерін басқарды.
Ол Қазақстан Қарулы Күштерінің құрылысы мен дамуына қосқан еңбегі үшін ІІ дәрежелі «Айбын», ІІ және І дәрежелі «Даңқ» ордендерімен, басқа да көптеген медальдармен наградталды.
Генерал-майор Асхат Рыспаев Қарулы Күштерде 42 жылдан астам уақыт қызмет өткерді. Ол Кадрлар, Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары, Әскери білім және ғылым департаменттерін басқарды.
Асхат Наурызбайұлы Құрлық әскерлерінің Әскери институтына, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетіне басшылық жасады. Ол әскери білім мен ғылымның дамуына орасан зор үлес қосып, магистранттар мен докторанттарды даярлауда инновациялық оқыту нысандарын енгізумен айналысты.
Еліміздің қорғаныс қабілетін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін Асхат Наурызбайұлы Рыспаев ІІ дәрежелі «Даңқ» орденімен және басқа да көптеген медальдармен наградталған.
Қайрат Тұрсынайұлы Мыңжанов еліміздің Қарулы Күштері әскери комиссариаттарының қалыптасуы мен дамуының бастауында тұрды, әскери кадрларды іріктеу және даярлау жүйесінің дамуына қосқан үлесі зор. Ол еліміздің жаңа астанасының алғашқы әскери комиссары болды.
Қайрат Мыңжанов орталық аппаратта Кадрлар, Тәрбие және идеологиялық жұмыстар, Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаменттерінің бастығы, республиканың Қарулы Күштері Бас штабы бастығының орынбасары лауазымдарын атқарды.
Қызметтік міндеттерін адал атқарғаны, әскери кадрларды даярлау жүйесінің дамуына қосқан үлесі үшін генерал-майор Қайрат Мыңжанов ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен наградталған.
– Сіздердің жылдар бойы жинаған мол тәжірибеіңіз Қарулы Күштердің кәсіби бағытында да, әскери-патриоттық тәрбие саласында да әрқашан қажет болатынына сенімдімін, – деп қорытындылады генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаев.




Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"