Ең үлгілі отбасы

   «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында Аягөз гарнизоны 10810 әскери бөлімінің әскери қызметшілері отбасы мүшелерімен жұмысты ұйымдастыру қызметі «Ең үлгілі отбасы» сайысын ұйымдастырды.

   Отбасылық құндылықтарды дәріптеуді мақсат тұтқан шараға жаңа отау тіккен үш және көп балалы екі отбасы қатысты. Барлығы бес отбасының өнеріне аудандық тәрбие бөлімінің әдіскері Маржан Оспанова, әскери бөлім командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары подполковник Қуат Дарманкулов, әскери бөлімнің әскери қызметшілерінің отбасы мүшелерімен жұмысты ұйымдастыру қызметінің басшысы Гүлмира Утешева қазылық етті. Әскери қызметшілердің отбасы бірнеше кезеңнен құралған сайыста жан-жақты шеберліктерін көрсетіп, мықтылықтарын мойындатты. Қазылар алқасының қорытындысы бойынша мәдени-демалыс орталығының аға маман-аға музыканты сержант Мақсат Жұмабековтың жанұясы «Ең үлгілі отбасы» атанды.

 

Алуа ИСКАКОВА


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"