Елордалық сарбаздар еліміздің теңіз шебін қорғауға аттанды

Елордадан Ақтауға әскери міндетін өтеуге аттанған жастардың көбі «Астана» кораблімен шекара күзететін болады.

Жауынгерлік кеме теңіз шекарашыларына тиесілі болғандықтан салтанатты шығарып салу шарасы кезінде сарбаздар солардың киім үлгілерін киді. Жас сарбаздар мінген әскери ұшақ араға бірнеше сағат салып Ақтау әуежайына келіп қонды. Отан қорғаушылардың жүздері толқынысқа толы. Әрқайсысы алдағы бір жылдық әскери міндетін абыроймен атқарып, үйлеріне аман-есен оралуды көздейді.
Нұрсұлтан Қартжан, әскерге шақырылушы: - Маңғыстауға ұшып келетінімді ойлаған жоқпын. Барлық медициналық тексеруден аман-есен өттім. Әскери теңіз флотына шекара күзетуге келіп тұрмын.  

Жас сарбаздар алдағы қаңтар айының соңына дейін теңіз оқу базасында дәріс алады. Содан соң еліміздің теңіз шебін күзететін бөлімшелерге таратылады. Айта кету керек, биыл еліміздің шекара қызметіне қарасты теңіз бөлімшелерінің қатары үш мыңға жуық сарбазбен толығады. Олардың ізін басатын жастар іріктелу үстінде.
Талғат Төребаев, ҚР ҰҚК шекара күзеті аймақтық басқарма басшысының орынбасары: - Елордалық жастардың Отан алдындағы борышын «Астана» кораблінде өтегенін жөн көрдік. Ол Қазақстан теңіз шекара флотына қарасты кемелердің флагманы саналады.

 Мемлекеттік шекараны күзету, еліміздің Каспий теңізіндегі экономикалық мүдделерін қорғау теңіз шекарашыларына жүктелген аса жауапты міндет. Олар кез келген ауа райына қарамастан ашық теңізге шығады. Назарына іліккен шекара бұзушыларды бұлтартпастан ұстап, браконьерлердің жолын кеседі.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"