Елордадан аттанған жас толым Қазақстан әскерінің қатарын толықтырады

«Жастар» сарайында Нұр-Сұлтан қаласынан әскерге алынған команданы салтанатты шығарып салу рәсімі өтті. Салтанатты рәсімге жас сарбаздардың туыстары мен жақындары, Қарулы күштердің басшылығы, жергілікті атқарушы органдардың, ардагерлер ұйымдарының өкілдері, «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысының тәрбиеленушілері және қаланың мектеп оқушылары қатысты.

Іс-шара ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың әскери қызметтің беделін арттыру және жастарды әскери борышын орындауға ынталандыру жөніндегі тапсырмаларын іске асыру аясында ұйымдастырылып отыр.
– Құрметті әскерге шақырылушылар! Сендер бүгін Қарулы күштер қатарына қабылдандыңдар. Отан алдында адал болуға ант берген соң сендерге елдің тағдыры үшін елеулі жауапкершілік жүктелетін болады. Әскери қызметтегі бір жыл тез арада өте шығады.  Алайда осы уақыт ішінде сендер  елдің мықты әрі батыл қорғаушысы атанып, қару-жарақ пен күрделі әскери техниканы меңгеру машығын үйренесіңдер, – деді Бас штаб бастығының орынбасары – Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінің бастығы генерал-майор Серік Борамбаев.
Аталған шара барысында Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкен, Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы контр-адмирал Сәкен Бекжанов, «Қарулы күштердің ардагерлері» Республикалық қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары отставкадағы генерал-майор Марат Нагуманов және басқалар сөз сөйледі.
Әскерге баратын азаматтарға арналған рәсім Қорғаныс министрлігі Орталық ансамблінің және «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысы тәрбиеленушілерінің концерттік бағдарламасымен аяқталды.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"