Ел айбынын асқақтайтын сарбаздар

Солтүстік Қазақстан облысынан Отан алдындағы қасиетті борышын өтеуге 33 сарбаз әскерге аттанды.

Олардың 30-ы Семей қаласында орналасқан артиллериялық әскери бөліміне және 3-еуі Нұр-Сұлтан қаласындағы Мемлекеттік күзет қызметінің "Айбын" президенттік полкіне жіберілді.

         Болашақ сарбаздарды ата-аналары мен туған-туыстары шығарып салды. Қарулы Күштердің қатарына Шал ақын ауданы, Балуан ауылынан аттанып бара жатқан Қайсар Өмірзақ пен Саят Қажығалиев сынды немерелерін шығарып салуға 80-нен асқан Күләш әже де келген екен. Немерелеріне қасиетті парыздарын орындап, аман-есен келулеріне ақ батасын берді.
Кездесу барысында әскерге шақырылушыларды алып кетуге келген артиллериялық әскери бөлімнің өкілі подполковник Дулат Ахметханов ата-аналармен жүздесіп, кішігірім жиналыс өткізді.

       «Отан алдындағы борышты өтеу – әр ер азамат үшін абыройлы іс. Елін, жерін қорғауға жауынгерлерді дайындау – біздің басты бағыттарымыздың бірі. Сіздердің ұлдарыңызды әскерде жауынгерлік дайындықтардан өткізіп, ержүрек, болашақтан мол үміт күттіретін нағыз ер азамат етіп шығарамыз. Бір сөзбен айтқанда «армия» деген үлкен өмір мектебінен өтеді» деп, қазіргі заманауи тұрғыда жасалынған әскери бөлімнің тыныс-тіршілігі мен күн тәртібі туралы түсіндіріп, ата-аналардың қойған сұрақтарына жауап берді.
Болашақ сарбаздарды шығарып салуға келген ата-аналары, туған-туыстары мен жора-жолдастары ел айбынын асқақтатар ер-азаматтарға борыштарын аман-есен атқарып, абыроймен елге оралуға тілектестік білдірді.

Лейтенант Айман Абжапбарова,
СҚО КІД баспасөз қызметінің бастығы


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Самоходная пушка-гаубица ShKH vz. 77 Dana

Самоходная пушка-гаубица ShKH vz. 77 Dana

Буксируемые гаубицы

Буксируемые гаубицы