Ел әскеріндегі эпидемиологиялық ахуал тұрақты

Коронавирус инфекциясына қатысты Қазақстан Қарулы Күштерінің эпидемиологиялық ахуалы тұрақты. Бұл жағдай әскери дәрігерлердің бақылауында.

Коронавирус инфекциясымен күрес жөніндегі кешенді жоспарды іске асыру аясында әскери бөлімдер мен мекемелерде эпидемияға қарсы және санитарлық-профилактикалық іс-шаралар жүргізілуде. Бас әскери-медициналық басқармасы жеке құрамның денсаулық жағдайына тұрақты мониторинг жүргізеді. Вирусты жұқтыру белгілері және онымен байланыста болу анықталған кезде карантиндік шаралар уақтылы қабылданады.
Әскери-медициналық бөлімдер мен мекемелер қажетті дәрі-дәрмекпен, жабдықтармен және техникамен, оның ішінде өкпені жасанды желдетудің жылжымалы және стационарлық аппараттарымен, рентген аппараттарымен, компьютерлік томографтармен, санитарлық автокөліктермен, жылжымалы медициналық операциялық-реанимациялық кешендермен қамтамасыз етілген.
Сонымен қоса, екпе салу жалғасуда. Бүгінде Қарулы Күштер жеке құрамының 99,79%-ы вакцинаның бірінші компонентін,
ал 97,63%-ы екінші компонентін алды.
Қазіргі уақытта халықтың денсаулығын сақтау мүддесінде коронавируспен ауыратын науқастарды қабылдау және емдеу үшін Алматы қаласындағы Әскери клиникалық госпиталь жұмыс істейді.
Ағымдағы жылдың сәуірінен бастап Нұр-Сұлтан және Алматы әскери госпитальдерінде 1 700-ден астам адам емделіп шықты.
Қажет болған жағдайда COVID-19 бар науқастарды емдеу үшін Нұр-Сұлтан, Талдықорған және Үшарал қалаларындағы үш әскери-емдеу мекемесі жұмылдырылады. Шалғай аудандарда медициналық көмек көрсету үшін он бір дәрігерлік-мейіргерлік бригада, сондай-ақ Қарулы Күштердің санитарлық-эпидемиологиялық қызметінің мамандары дайындалды. Әскери авиация күштері елдің кез келген өңіріне мамандар мен жабдықтарды жібере алады.



Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"