Елімізде жыл сайын отан қорғаушылар саны артып келеді

«Бейбішілікті сақтағың келсе, соғысқа дайындал» деген екен бір данышпан. Әлбетте, жаны бар сөз. Айбының мен айбарың асқақ тұрмаса, кім көрінгеннің түртпегінде немесе жетегінде кететінің рас. Дәл қазіргі таңда жер бетінде тұрақтылық бар деу де, соғысқа оранып тұр деу де қиын. Өйткені, оқ пен өрт шарпысып жатқан мемлекеттер де жетерлік, біз секілді «қой үстіне бозторғай ұялаған» заман орнаған елдер де аз емес. Сондықтан қай кезде де қорғанысымызды нығайтып отыру, Қарулы Күштерімізді күшейте түсу – күн тәртібінен түсе қоймайтын мәселе. Осы орайда биылғы көктемгі әскерге шақыру науқанының қорытындысын еккшеп саралап көрелікші.

15 мыңға жуық азамат шақырылды

Ағымдағы жылғы сәуірдің 13-і мен маусымның 30-ы аралығында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарына кейінге шақырылуға немесе шақырылудан босатылуға құқығы жоқ шақырылым жасындағы 15 000-ға жуық азамат шақырылды. 2016 жылдың көктемгі шақыру науқанын аяқтап, жергілікті әскери басқару органдары 10 шілдеден бастап 2016 жылдың күзінде мерзімді әскери қызметке шақырылуға жататын шақырылушыларды алдын ала зерделеуге кірісті. Зерделеу шақырылушымен, оның ата-анасымен, сондай-ақ шақырылушы жұмыс жасап немесе оқып жүрген кәсіпорын немесе оқу орнының әкімшілігі өкілдерімен жеке әңгімелесу арқылы жүргізіледі. Жеке әңгімелесу барысында шақырылушының моральдық және іскерлік қасиеттері, денсаулық жағдайы, дене тұрғысындағы дамуы, жалпы білімі мен арнайы дайындығы, отбасы жағдайы туралы мағлұматтар нақтыланады. Сондай-ақ, шақыру мен әскери қызмет өткеру тәртібін реттейтін заңнама талаптары жеткізіледі.

Шақырылушыларды сапалы түрде зерделеу үшін Ұлттық қауіпсіздік комитеті, ішкі істер органдары, АХАЖ, денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау органдарының өкілдерімен жұмыс жүргізілетінін айта кетейік.

Азаматтарды шақыру «Әскери қызмет пен әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» ҚР Заңы, сонымен қатар, «Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және 2016 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында мерзімді әскери қызметке ҚР азаматтарының кезекті шақырылуы туралы» ҚР Президентінің Жарлығы негізінде ұйымдастырылып, өткізілді.

 

Сарбаздар сапына 5000 адам қосылды

   Жоғарыда Қазақстанда көктемгі әскерге шақыру науқаны аяқталғанын айттық. Қазірдіӊ өзінде Қазақстан Қарулы Күштерініӊ ҰҚК Шекара қызметіне, Мемлекеттік күзет қызметіне әскерге алу аяқталды. Ал ҚР ІІМ Ұлттық ұланыныӊ қатарын толықтыру әлі де жалғасуда.

18 бен 27 жас аралығындағы әскерге шақыруға жататын жастардыӊ жалпы саныныӊ 5 000-ға жуығы ҚР Қарулы Күштерінде әскери қызмет өткеруге жіберілді. "Оӊтүстік" өӊірлік қолбасшылығыныӊ әскерлеріне – 900-ге жуық, "Шығыс" өӊірлік қолбасшылығына – 500-ден аса, ал "Батыс" өӊірлік қолбасшылығына – 500-ден аса, сондай-ақ "Астана" өӊірлік қолбасшылығына 30-ға жуық жас толықтыру қызмет өтеуге жіберілді. Аэроұтқыр әскерлеріне 900-ден астам, ал оқу-жаттығу орталықтарына 800-ден аса адам Отан алдындағы борыштарын өтеуге аттанған. ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштерініӊ әскерлер сапы 900-ден аса азаматпен толықты.

«Олардыӊ ішінде жоғары білімімен әскерге алынғандар саны – 20 адам, арнаулы-орта мамандық иесі – 3000-нан асса, орта білімі бар - 2 000-ға жуық адам» дейді сала мамандары.

Бүгінгі күнге дейін Қарулы Күштердіӊ қатарына әскерге шақырылғандардыӊ барлығы Отан алдындағы борышын өтейтін жерлерге жіберілді. Жас толықтыруларды жөнелту алдында дәстүрге сәйкес шығарып салулар ұйымдастырылды, ал оларды мерзімді қызмет барысында әскери істіӊ қыр-сыры мен жаӊа жағдайларға бейімдеуге көмектесетін командирлері, офицерлер қарсы алды.

Алғашқы әскери даярлық бағдарламасы аяқталысымен жастар әскери ант қабылдап, содан кейін әскери қызметті атқару үшін тиісті лауамзымдарға тағайындалады.

 

Өзгерістер сапаны оңалтады

   Енді әскерге шақыру науқанындағы соңғы өзгерістерді әңгімелесек, бұдан былай шақыртылғандар нарколог маман қабылдауында да болады. Осылайша жігіттердің қызметке жарамдылығы барынша жіті бақылауға алынған.

Ал жиі кездесетін аурулар қатарында көз, майтабан, асқазан мен жүрек сырқаттары алдыңғы қатарда тұр. Сондай-ақ бұрын әскерге шақырылғандар арасында салмақ жетіспеушілік көп болса, енді, керісінше, семіздік үлкен мәселеге айналған. Медициналық комиссияның төрайымы Гүлнәр Бүтінбаеваның айтуынша, әскерге шақыртылған азаматтардың ішінде үшінші, төртінші деңгейдегі семіздіктегі азаматтар әскерге жіберілмеген. «Өйткені, оларда гормондық ауытқу бар. Олар жарамсыз әскерге» дейді ол.

Тағы да ата кетер жайт, енді шақыртуға келмеген жеке тұлғамен қоса, қызметкерін әскери есепке тіркетпеген кәсіпорын басшылығы да жауапқа тартылады. Бұл жөнінде Астана уқаласы Алматы аудандық қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген басқарма басшысы Ермек Қожамберлиев былай дейді: «Қазірдің өзінде Астанада осы талапты орындамаған 15 компания жетекшісіне айыппұл салынды. Оның көлемі 22 мың теңге. Егер бұл әрекет қайталанса, онда жаза ауырлай түседі. Тек Астананың өзінде 14 мыңға тарта азамат маусымдық тексерістен өтеді. Ал олардың нақты қаншасының әскерге бару-бармауы бөлек мәселе».

 

P.S. Иә, Отан қорғау – ер азаматтың басты борышы. Қуанарлығы, тәуелсіз Қазақстанның кейінгі буыны арасында армияға асыққан жастарды көптеп кездестіруге болады. Мұны да патриоттық тәрбиенің жемісі дей аламыз. Ең бастысы, ел туын ұстар оғландар қатары артып келеді.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"