Елімізде әскери медицина мамандары қалай білім алуда

Әскери медицина Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін медициналық қамтамасыз ету саласы болып табылады, яғни әскери қызметшілердің денсаулығын нығайту, тексеру, аурулардың алдын-алу  және емдеу ісімен айналысу. Көне тарихтан бастап ХХ ғасырдың орта шеніне дейін соғыстың жиі болуына байланысты әскери дәрігерлердің де медицина саласына қосқан үлесі басым болды. Қазіргі таңда әскери медицина ¬¬¬─ Қарулы Күштердің негізгі тіректерінің бірі.  

«Әскери медицина» факультеті 2016 жылы Ақтөбе қаласында екі мәрте Кеңес Одағының Батыры Талғат Бигелдинов атындағы Әуе Қорғаныс күштері Әскери институты негізінде құрылды. Факультеттің құрылуына көп үлес қосқан және алғашқы басшысы медицина қызметінің генерал-майоры Талғат Нұрмағамбетов. Осы уақытқа дейін «Әскери медицина» саласының кадрлары еліміздің медицина университеттерінің әскери кафедраларынан және Ресей Федерациясының әскери-медицина академиясында, факультеттерінде білім алған мамандар қызмет атқарғаны белгілі.

Елімізде бірінші рет ашылған бұл факультет Қазақстан Қарулы Күштері үшін тың серпілістердің бірі болды. Факультетке қабылданған 38 курсант Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінде медицина мамандығы бойынша білім алса, әскери мамандықтың шеберлігі мен дағдыларын Әуе Қорғаныс Күштері Әскери институттың қабырғасында үйренді.

Курсанттар мемлекеттік білім беру стандарттарына сәйкес 5 жыл бакалавр, 2 жыл интернатура атап айтқанда хирургия, терапия, жалпы тәжірибелік дәрігер бағыты бойынша білім алады. Екі жоғарғы оқу орындарында көптеген профессорлар, доценттер, ғылыми докторлар өздерінің теориялық және практикалық тәжірибиелерімен бөлісіп, сабақ береді. Курсанттар және интерндер әскери даярлықтың қыр-сырын үйренеді, атап айтқанда оқ ату жаттығулары, республикалық деңгейдегі әскери-спорттық іс-шаралар, халықаралық ғылыми жобалар және т.б. Сонымен қатар, олар өздерінің практикалық дағдыларын арттыру мақсатында әскери госпитальдарда, медициналық пункттерде, Батыс Қазақстан медицина университетінің негізінде Ақтөбе қаласының емдеу-профилактикалық мекемелерінде тәжірибелерін арттырады. Институт қабырғасында алған теориялық білімдерін шыңдау мақсатында Қазақстан Қарулы Күштерінің әскери бөлімдері мен мекемелерінде әскери тағылымдамаларға жіберіліп тұрады. Бұл тағылымдамада медициналық пункттің бастығы қызметімен танысып, қызметтік міндеттерін үйренеді, яғни стационарлық және далалық жағдайда медициналық пункттің орналастырылуы, далалық жағдайда алғашқы дәрігерлік көмек көрсету, әскери тамақтануды, жеке құрамның моншаға түсуі мен кір жуу қызметін, ауыз суы мен кәріз жүйесімен қамтамасыз етілуін бақылауды жүзеге асырды. Курсанттар оқу барысында және тағылымдама кезінде эпидемияға қарсы жұқпалы аурулардың таралуын алдын алу іс-шараларына қатысты, атап айтқанда «COVID-19» індетімен күресуде белсенді қызмет атқарды. Тағылымдама барысында әскери бөлім командирлерінен белсенділік танытқаны үшін бірқатар 5 курс курсанттары алғыс хаттармен марапатталды.

Курсанттарды оқыту толығымен мемлекет тарапынан қаржыландырады. Облыстық көпсалалы ауруханаларда, әскери госпитальда және әскери бөлімдерде жыл сайынғы практикалық оқу жаттығулары ұйымдастырылады. Келісім шарт бойынша әскери интерндер айлық жалақы және тұрғын үймен қамтамасыз етілген. Интернатураны аяқтағаннан кейін бітіруші түлектерді Қазақстан Қарулы Күштерінде және басқада әскери құрылымдарында медициналық қызметті қамтамасыз ету үшін қызметке жіберу жоспарланған. 2021 жылы екі бітіруші түлегіміз медицина қызметінің лейтенанттары Әділет Оспанов пен Мақсат Мәмбетәлиев оқуды үздік аяқтап қызыл диплом иегерлері атанды.

Қазіргі таңда Екі мәрте Кеңес Одағының батыры Талғат Бигельдинов атындағы әскери институт базасында «Әскери медицина» мамандығы бойынша 12 курсант 1-курста білім алуда. Алдыңғы буын ағаларының жолын жалғастырған курсанттар оқуда үздік, үлгілі тәртібімен көзге түсуде. Келесі жылдары «Әскери медицина» мамандығы бойынша талапкерлерді қабылдау жоспарланып отыр.

ӘҚК Әскери институты әскери-медициналық
пәндер кафедрасының бастығы
медицина қызметінің полковнигі Қайрат Дарқұлов

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"