Десанттық взвод Армия ойындарына дайындық үстінде

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Десанттық-шабуылдаушы әскерлерінің десанттық взводы биылғы жылы тамыз айында Ресей жерінде өтетін Халықаралық «АрМИ – 2016» жарысына аянбай дайындық жүргізуде. Қазақстанның атынан баратын жауынгерлердің даярлығын Десанттық-шабуылдаушы әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор А.Джумакеев   тікелей өзі жеке бақылауына алған.

Десанттық-шабуылдаушы әскерлерінің жиырма сегіз адамнан тұратын тұратын сайыпқыран десантшылары наурыз айынан бері «Іле» оқу-жаттығу орталығында аталмыш жарысқа дайындықтарын пысықтауда. Жарыс ережесі 4 кезеңнен тұрады.  

Алғашқы кезеңінің өзі үш бөліктен тұрады. Алғашқысында жауынгерлер парашюттен секіріп түсіп, парашютпен бірге 1 шақырым жүгіреді. Сосын парашюттерін жинап тастап тағы 1 шақырым жүгіруі тиіс.  Келесі бөлікте БТР-мен жеке лек бойынша 9 түрлі кедергіден тұратын 3 шақырым бойы жүруі тиіс.  Келесі бөлігінде взвод құрамында биатлон сайысы өтеді. Бұл бөлікте 10,5 шақырымды газтұмылдырық, автомат асынып артқа тастайды. Әрбір үш шақырым сайын жатып, тізерлеп, тұрып атыс қаруларынан нысанаға атулары тиіс.

Екінші кезеңінде БТР-мен спринт сайысы өтеді, кедергілерден өте отырып, 9 шақырым жаяу жүгіреді. 

Үшінші кезеңде БТР-мен 9 шақырым жүріп, взвод құрамында тағы 3 шақырым жүгірулері тиіс. Сондай-ақ, төртінші кезеңде таулы эстафета сайысына қатысады.

Сайыс шарты бойынша барлық сайысқа 9 күн беріледі. Десантшылардың жас құрамы 21 мен 30 жас аралықтарында.

«Жауынгерлердің күнделікті даярлығы өте жоғары деңгейде өтуде. Олардың барлығы еліміздің намысын қорғау үшін дайындық барысында әрбір жаттығуды мұқият орындап, жетекшілердің айтқанын екі етпей орындауда. Ол үшін барлық жағдай жасалған. Жуынатын, жатын орындары, ас-сулары, киім-кешектері, медициналық қамтамасыз етілуі  барлығы сақадай сай», - дейді жарысқа жалпы жетекшілік етуші Десанттық-шабуылдаушы әскерлері қолбасшысы басқармасы жауынгерлік даярлық басқармасының аға офицері подполковник Д.Акишев.

Олай болса, біз де өз тарапымыздан ел намысын қрғауға аттанатын өрендерімізге тек сәттілік пен жңіс тілейміз!

 

капитан Нұржан Естаев,

Десанттық-шабуылдаушы әскерлері

 


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"