Шоқан Уәлиханов атындағы ҚР Қорғаныс министрлігі Кадет корпусының базасында взвод сержанттарының біліктілігін арттыру курсы ұйымдастырылды.
Курста өзінің біліктілігімен көзге түскен «Астана» өңірлік қолбасшылық әскерлеріне қарасты 31775 әскери бөлімінің 1 мотоатқыш батальонының взвод сержанты келісімшарт сержанты Даурен Серікпаев болды. Ол курстың бағдарламасына сәйкес оқ ату, дене даярлығы, әскери топография және тб оқыту пәндері бойынша білімін көрсетті және курстық медаль мен грамотамен марапатталды.
Думан Құрманғалиев